Өсімдіктерді сауықтыру және клондау технологиясы Орындаған: Келесбекова У. М



бет2/13
Дата08.04.2022
өлшемі0,9 Mb.
#30290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
536188.pptx (1)

Клондық микрокөбею нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсу жағдайларына байланысты. Бұл әдіс қымбат және көп еңбек қажет етеді,сондықтан әзірше ол көбіне селекциялық жұмыстарда қолданылады және басқа жолдармен көбеймейтін өсімдіктерді көбейту үшін пайдаланылады. Сонымен бірге бұл әдіс лабораториялық деңгейінде 2500 дай өсімдік түрлеріне дайындалған, ал өндірістік технология ретінде біртіндеп өріс алып келеді.

Өсімдіктерді сауықтыру

Вирустармен әдеттегі химиялық әдістермен күресуге болмайды, себебі олардың тіршілік әрекеті өздері ішіне енген қожа өсімдік жасушаларының метаболизмімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта 600-ден астам фитопатогендік вирустар белгілі. Олар адамға қауіпсіз болса да, екпе өсімдіктерді зақымдап, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Мысалы, вирус ауруларының әрекетінен түсім шығыны картопта 25-88%, жүзімде-60% дейін, шиеде-35-96%, қара өрікте-5-95%, алмада-66% төмендейді де, ақырында бұл өсімдік сорттарының азғындауына әкеліп соғады. Мысалы, Францияда картоптың Бельде-Фонтанэ деген бағалы сорты вирусқа шалдығу себебінен мүлдем жоғалып кетті. Мұндай мысалдар басқа өсімдіктерде де кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет