Өсімдіктің қоректенуі – деп мына жағдайды айтамыз


Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы



бет3/8
Дата12.04.2023
өлшемі67,77 Kb.
#81720
1   2   3   4   5   6   7   8

Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы


Орыстың атақты ғалымы – химик Д. И . Менделеев (1834-1907) өз өмірінде химия ғылымының дамуына аса бағалы үлес қосумен қатар , басқа да ғылымдар саласында , соның ішінде егін және мал шаруашылығының жан- жақты дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның тыңайтқыштарды өндіру мен қолдану , топырақты өңдеу , көп жылдық шөптердің маңызы , ауылшаруашылық өнімдерінің химиялық технологиясы туралы салалы, терең ойлары осы күнге дейін мәнін жойған жоқ.
Ол Ресейдің әртүрлі аймақтарында тынайтқыштарды қолданып , танаптық тәжірибелер жүргізудің арнайы бағдарламасын жасады. Өзі басшылық еткен сол тәжірибелерден 1872 жылы жасаған баяндамасында Д.И. Менделеев өсімдіктердіңқоректенуін зерттеуге арналған тәжірибелер әр аймақтың ауа-райы мен топырақ және өсімдіктердің биологиалық ерекшеліктерімен байланыстырылып жүргізілуі қажеттігін ұсынды. Осы талапты орындағанда ғана тәжірибелер нәтижесінен шығатын қорытындылар сенімді болатындығын ескертті .
Өсімдіктердің қоректенуі туралы ілімнің дамуына атақты ғалым К. А. Тимирязев (1843-1920) өте маңызды үлес қосты . Өзі 25-30 жылдай фотосинтез процесін зерттеумен қатар, өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуінің физиологиялық негіздерін зерттеумен де айналысты . Осындай теориялық маңызы бар тәжірибелерді нақтылай бағалауға қолайлы жағдайларда жүргізу мақсаттарында 1872 жылы Ресейде біріншівегетациялық үй салдырды . Одан бірнеше жыл өткен соң Мәскеу университеті жайының төбесіне осындай екінші үй салдырды. Сонда өзінің физиологиялық зерттеулерін жүргізді.
Өзінің зерттеулерінде К.А.Тимирязев өсімдік организмінде зат алмасу процесі ең негізгі орын алатын ескертумен болады. Ол организм заттарды үздіксіз қабылдап өзгертеді және бөліп шығарады, яғни тіршіліктің негізгі белгісі – зат алмасу деген ойын үздіксіз қайталап отырды. Соған байланысты, өімдіктің қажетін білу үшін “оның ойын сұрау қажет”, яғни олармен тікелей тәжірибелер жүргізу керектігін тұжырымдады.

Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері


Орташа есеппен өсімдіктің сусыз құрғақ затының құрамында көміртек –46 %,оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот – 1,5 %,минералдық элементтер -5 %, шамасында болады. Органогендер деп аталатын элементтердің (С,О,Н,N) үлесіне өсімдіктің құрғақ салмағының 95 %-і тиеді. Қалған 5%-ін ғана минералдық элементтер құрайды . Осы элементтердің сапалық құрамы және олардың процентпен есептегендегі мөлшері сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады. Өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минералдық элементтер мынадай топтарға бөлінеді:

  • Макроэлементтергн мөлшері 0,01-ден ондаған процентке дейін жететін элементтер жатқызылады. Бұл топқа органогендерден (С,О,H,N) басқа-Si, Ca, K, Mg, P, S, Al, S енеді.

  • Мөлшері 0,001-ден 0,00001% арасында кездесетін микроэлементтерге –Mп,B,Cu, Zn, Ba, Ti, Li, Br, Mo, Co және т.б. жатады.

  • Мөлшері одан да аз ультрамикроэлементтерге Cs ,Se, Cd, Hg, Ag, Au, Ra, т,б жатады.

Жеке элементтердің өсімдіктегі мөлшері көптеген жағдайларға байланысты өте өзгергіш келеді. Мысалы ,шөптесін өсімдіктердің тұқымдарында жалпы күлдіңмөлшері –3%, сабағында -4 % тамырында –5% , жапырағында –15%-ке жетеді. Кейбір өсімдіктер мүшелеріндегі жалпы күлдің және жеке элементтердің мөлшері 5,1кестеде келтірілген .Одан астық дақылдастардың тұқымында фосфордың , сабағында кремнийдің көп болатынын байқауға болады. Бұндай ерекшеліктер тек осы өсімдіктерге ғана тән. Мысалы, беденің сабағында күлдің мөлшері басқа өсімдіктердегімен шамалас болғанымен ,кремнийдің күлге есептегендегі мөлшері 2-3 %-тен аспайды. Керісінше, беденің күлінде кальцийдің мөлшері басқаларға қарағанда 5-6 есе артық.
Картоп түйнегінде , қант қызылшасының , т.б. тамыр жемістілердің тамырында калий көп болады.
Күнбағыстың күлінде де калий мөлшері басқа элементтерге қарағанда көбірек болады. Ақжелкен тамырындағы күлдің 0,25-1% SO3 үлесіне тиеді. Бұны крестігүлдер тұқымдастарының ерекше белгісі деп қарауға болады.
Күлдің құрамындағы кальцийдің көп болуы тек түрге тән белгі болмастан , өсімдіктің жасына да байланысты . Әдетте бұл элементтің мөлшері өсімдік мүшелері қартайып ескірген сайын көбейе береді. Мысалы, қартайған еменнің тамырының күлінде оның мөлшері 90%-ке жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет