катализаторы, промотор ретінде AІ2 O3 , K2 O, CaO, SіO2 қолданылады.
Оттегі және оның қосылыстары, көміртегі оксиді, темір катализаторын
қайтымды түрде уландырса, күкірт қосындылары қайтымсыз түрде
уландырады. Құрамында 0,1% күкірт активтілігін 50% кемітсе, ал 1% күкірт
катализатор акивтілігін тегіс жояды. Көп зерттеулер нәтижесінде аммиакты
синтездеудің оптималды жағдайы табылған. Ол температура 200-4500 С,
қысым 20-100МПа. Соның өзінде аммиактың шығымы 15-20%. Түзілген
аммиакты бөліп алу үшін газдар қоспасын салқындатып, аммиакты
конденсациялайды. Реакцияға түспеген азотсутек қоспасын қажетті мөлшерде
азот, сутек қосып үдеріске қайта жібереді. Аммиакты синтездеу – көлемді
азайтып жылу бөліп жүретін қайтымды үдеріс, яғни қысымды арттырып,
температураны төмендету, тепе-теңдікті оңға жылжытады. Аммиак синтезі
үдерісіндегі катализатор әсерінің механизмі:
1. Азот пен сутек газ фазасынан катализатордың беткі қабатына және кеуегіне
диффузияланады;
2. Азот пен сутек катализатордың әсерімен активтелінеді;
3. Катализатор бетінде активтелген азот пен сутек әрекеттеседі. Осының
нәтижесінде азот катализатордан электронды қосып алып, теріс зарядталады,
N + e N- . Сутек өз электронын беріп, оң зарядталады Н – еН+ . Зарядталған
сутек пен азот реакцияласып алғашында NH (имид) содан соң NH2 (амид), ең
соңында аммиак NH3 түзіледі;
4. Түзілген аммиак катализатордан десорбцияланып, газ фазасына ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: