Қосымшалардың жалғануы


Тәуелдеу түрлеріне қатысты пікірлер



бет5/8
Дата19.10.2023
өлшемі0,99 Mb.
#119324
1   2   3   4   5   6   7   8

Тәуелдеу түрлеріне қатысты пікірлер


А. Ысқақов сөздің жекеше түрде тәуелденіп, бір заттың бір ғана адамға я затқа, ал сөз көпше түрде тәуелденіп, көп заттың я біртектес бірнеше заттың бір адамға я бір затқа қана меншіктілігін білдіретін түрді оңаша тәуелдеу деп анықтады.
Н. Оралбай ортақ және оңаша тәуелдену деп бөлуде меншікті заттың иеленушісінің жекелігі немесе көптігі негізге алынатындығын ескеріп, бір не көп заттың бір адамға меншіктілігін оңаша тәуелдену, бір не бірнеше заттың бірнеше зат я адамға ортақтығын ортақ тәуелдену деп сипаттайды.
  • Бұл ұғымдар А. Байтұрсыновтың еңбегінде зат есімдердің оңаша тәуелді және ортақ тәуелді қалыптары деп аталады.
  • Ы. Маманов ортақтық мағына білдіретін қосымша тек бірінші жақта

  • (-ымыз, -іміз) ғана болғандықтан, тәуелді форманы ортақ тәуелдеу және оңаша тәуелдеу деп бөлуді тілдік дерек қуаттамайтындығын ескертеді.

Тәуелдеу түрлері
  • Егер бір я бірнеше зат бір адамға (затқа) меншікті болса, тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.

  • Мысалы, менің дәптерім, дәптерлерім.
  • Егер бір я бірнеше зат біреу емес, бірнеше адамға (затқа) меншікті болса, тәуелдіктің бұл түрі ортақ тәуелдеу деп аталады.

  • Мысалы, біздің дәптеріміз, дәптерлеріміз.
  • Тәуелдік жалғаулы сөз сөйлемде үнемі ілік септіктегі сөзбен тіркесте қолданылады. Мысалы, ауылдың баласы, университеттің студенті, аттың тұяғы, теңіздің балығы, т.б. Осы тіркестердегі сөздер «жай ғана тіркесе салмаған, бір-біріне ілгешектене байланысқан», яғни ауылдың, университеттің, аттың, теңіздің деген ілік септіктегі сөздер өздерінен кейінгі сөздердің тәуелдік жалғауында тұруын талап етсе, ал тәуелдік жалғаулы сөз өзінің алдындағы сөздің ілік септікте тұруын талап етеді. Сөздердің осылайша, яғни бірінші сыңары ілік септік жалғауда, екінші сыңары тәуелдік жалғауда келіп, байланысуы ғылымда матасу деп аталады.
  • Қосымшасы түсіп қалып қолданылуы: ат жүйрігі, пеш оты, кітап мұқабасы, ауыл маңы.
  • Тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: біздің көше, сіздің ауыл, өзіміздің шәкірттер.
  • Тәуелдік жалғауы тек қана меншіктілікті білдіріп қоймайды. Мысалы, ананың құшағы, ауылдың ақсақалы, малдың ізі секілді тіркестерде нақты меншіктілікті мағына жоқ, өйткені бұл тіркестер жалпы ананың құшағы, ауылдың ақсақалы, малдың ізі деген ұғымды беріп тұр. Сонымен қатар, ақылдың белгісі, ән сазы,көңілдің қуанышы, ауыл маңы секілді тіркестерден белгілі бір жаққа тән нақтылы меншік те, тәуелділік те байқалмайды, тек қана грамматикалық қатынас аңғарылады.

  • А. Ысқақовтың сөзімен айтқанда, «әуелде меншікті, белгілі жаққа тән тәуелділікті білдіретін жақ жалғауы бірте-бірте жақтық көрсеткіш болу қабілетінен көшіп, жаққа байланысы жоқ тым жалпы қатынасты білдіру сипатына ие болған».

Сонымен бірге тәуелдік жалғау «қосымша эмоциялық-экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мысалы, айым, күнім, әкем, көкем, құлдығым, қарағым… секілді формалар тыңдаушы адамның сезіміне әр алуан эмоциялық ықпал жасап, әр қилы экспрессивтік әсер ететіні аян».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет