Қосымшалардың жалғануы


Зат есімді мағыналық топтау



бет2/8
Дата19.10.2023
өлшемі0,99 Mb.
#119324
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-лекция

Зат есімді мағыналық топтау

  • Ғалым А.Ысқақов зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен, іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтитынын айтып, олардың ішінен адамзат және ғаламзат есімдерін, жалқы есімдер мен көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар мағыналық топтар ретінде бөліп көрсетеді.
  • Профессор Н.Оралбай адамзат және ғаламзат атаулары, жалпы және жалқы зат есімдер, деректі және дерексіз зат есімдер, дара және жинақтық мағыналы зат есімдер, түрлі реңк мәнді зат есімдер деп топтастырады.
  • 1954 жылғы “Қазіргі қазақ тілі” еңбегінде нақтылы (конкретті) және жалпылық (абстракті) зат есімдер, жалқы және жалпы есімдер деп бөледі.
  • “Қазақ грамматикасында” (2002) зат есімдер лексика-грамматикалық сипаты жағынан адамзат, ғаламзат, жалпы және жалқы, көптік мәнді, реңдік және үстеулік мәнді, эмоция-экспрессия реңі бар топтарға жіктеген, деректі, дерексіз зат есімдер көрсетілмейді.

Мағыналық топтары
Адамзат және ғаламзат (кімдік, нелік, персондық, бейперсондық)
Жалпы және жалқы
Деректі және дерексіз
Реңдік мәнді есімдер
Эмоционалды-экспрессивті есімдер
Дара және жинақтық мәнді есімдер
Көптік мәнді есімдер
Зат есімдер лексика-семантикалық сипатымен қатар, морфологиялық құрылымы жағынан:
Жалаң (негізгі түбір,туынды түбір)
Күрделі (біріккен, қосарланған, тіркескен, қысқарған)

Көмекші есімдер


Түпкілікті мағынасы мен қызметінен бүтіндей не жартылай айрылып, көмекші сөз қызметінде қолданылатын сөздер.
Лексикалық мағынасының жалпылануы нәтижесінде морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленеді.
Синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі мүше құрамында қолданылады.
Зат есімдерден айырмашылығы: мағыналық жағынан дерексізденіп, семантикалық тұрғыдан нақтылы бір ұғымды, яғни затқа қатысты кеңістікті, мекенді өзінен бұрын тұрған сөзге тіркесу арқылы білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет