Қосымшалардың жалғануы



бет7/8
Дата19.10.2023
өлшемі0,99 Mb.
#119324
1   2   3   4   5   6   7   8

Ілік септік


Ілік септік-өзіне тән қосымшалары бар (-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің, және бұл қосымшалар сөздерге үндестік заңы бойынша жалғанады. Ілік септік қосымшалы да, қосымшасыз да тұлғада қолданылады. Мысалы: Білім сапасын көтеру керек. Ілік септіктің алғашқы мағынасы оның тәуелдік категориясымен байланысты. Анық айтқанда, ілік септік алғаш меншікті заттың иесін білдірген. Көне жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалымдар (Батманов Н.А., Каримов К., Құрышжанов Ә.,Томанов М., т.б) ілік септіктің бұл мағынасын көрсетіп отырған.

Барыс септік


Етістікпен тікелей немесе жанама түрде байланысып, қимылдың, істің кімге, неге бағытталғанын білдіреді.
Қосымша граматтикалық мағыналары көп:
  • барыс септігіндегі сөз істің, қимылдың, іс-әрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін көрсетеді: кітапханаға келді;
  • іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді: оқуға кетті.
  • барыс жалғаулы сөз өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да қолданылады: бір күнге сұранды.

  • Барыс септігі қосымшаның жасырын түрде қолдануы тілде өте сирек кездеседі.

Табыс септік


Қимылдың,іс-әрекеттің тура нысанын білдіріп, сөйлемде сабақты етістікті меңгереді. Жалғауы бірде ашық, бірде жасырын қолданылады. Жалғаусыз келген жағдайда табыс септігінің сырт тұлғасы атау септігіндегі сөзге ұқсас болады, айырмашылығы: табыс септігінде келген сөз қандай тұлғада болмасын, үнемі сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыштың қызметін атқарады: анасын сағынды, кітап оқыды.
Табыс септіктің қосымшалы қосымшасыз формалары тілдің грамматикалық құрылысының дамуында әрқайсысының өзіндік мағыналық реңке ие болып, қолданылатын орны қызметі бар.Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары жүйесіз қолданыла бермейді.Олардың әрқайсысы бейімделген орында қолданылады.
Табыс септіктің қосымшалы формасы, мынандай жағдайда қолданылады:
  • сөйлеуші обьектіге ерекше мән беріп,оған көңіл аударғысы келсе,табыс септіктің жалғаулы формасы қолданылады. Мысалы: кітапты бер, тамақты іш т.б.
  • табыс септіктітегі сөздің алдынан жекелейтін, даралайтын, топ заттан бөліп көрсететін анықтауыш тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: бұл баланы танимын, мына кітапты оқыдым т.б.
  • жалқы есімдерде табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Асқарды көрдім, Айжанды шақырды.
  • тәуелденген сөз табыс септіктің қосымшалы формасында тұрады. Мысалы: әкеңді танимын, кітабымды алдым.
  • бастауыш пен толықтауыш бір сөзден болғанда, табыс септіктің қосымшалы формасында қолданылады. Мысалы: адам адамды сыйлайды, аңшы аңшыны таниды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет