Қосымшалардың жалғануы


Меншіктік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі



бет6/8
Дата19.10.2023
өлшемі0,99 Mb.
#119324
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-лекция

Меншіктік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі

  • Тәуелдік мағына жұрнақ арқылы да беріледі. Тәуелдік мағынаны білдіретін –нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары заттың иесінің атына, яғни затты иеленушіге жалғанады да, меншікті зат ешбір қосымшасыз қолданылады: домбыра Мараттікі, үй Мұраттікі, мылтық аңшынікі т.б. Осы тіркестерде меншікті заттар атаулары қосымшасыз формада тұр және меншікті заттың иесін білдіретін сөздердің алдында келген, ал тәуелдік мағынаны білдіретін жұрнақ затты иеленушіні білдіретін сөзге жалғанған.
  • Бұл жұрнақтың тағы бір ерекшелігі – ол үндестік заңына бағынбайды, яғни жуан буын сөзге де, жіңішке буынды сөзге де осы тұлғада жалғанады (суретшінікі, ғалымдікі, баланікі, ауылдікі), яғни бұл қосымшаның жуан дауысты нұсқалары жоқ.

Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын қамтамасыз ететін категория.
Септік категориясының мағынасы септік жалғаулар арқылы беріледі.
Септік категориясы сөйлемдегі сөздердің қарым-қатынасы, байланысы-түрліше болып келетін күрделі құбылыс.
Зат есімнің септік категориясы
Зат есімнің септік категориясы - күрделі құбылыс
Зат есімнің көптік категориясы екі-ақ мағынаны – жекелік -көптікті білдіруі - оның ортақ категориялық мағынасы.
Ал, тәуелдік категориясы үш жақтағы жекеше-көпше, оңаша-ортақ мәндерді көрсетеді.
Септік категориясының мағыналары бұларға қарағанда күрделірек, өйткені қазақ тілінде жеті септік бар, әр септіктің өзіндік мағыналары бар, сондықтан бұларда ортақ категориялық мағына болмайды.
    • “Септік дегеніміз жалғау мен грамматикалық мағыналардың бірлігінен тұратын және бір есім сөздің екінші есімге немесе етістікке қатысын білдіретін грамматикалық категория”.

К.Аханов
    • “Септік жалғаулары зат пен оның іс-әрекеті, я зат пен заттың (сынның) арасындағы субьектілік, обьектілік, меншіктілік-қатыстық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық, себеп-мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп заттық мән үстеп тұратын түрлену тұлғасын айтады”.

С.Исаев
    • “Белгілі бір сөзге жалғанып, оған грамматикалық мән беретін және олардың басқа сөздерге әр-алуан қатынасын білдіріп, сөзді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаны” септік жалғауы деп атайды.

Ә.Төлеуов
Атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы жоқ,
Яғни нөлдік формада қолданылады,бірақ білдіретін мағынасы бар.Атау септік қимылдың иесін білдіреді.Алайда түркологияда,қазақ тіл білімінде де атау септіктің осы мағынасы толық ескерілмей келеді.Сондықтан атау септік жайында түрліше көзқарастар болды. Ең алдымен септік жүйесіндегі қосымшасыз форма бір ғана септікке қатысты ма, әлде бірнеше септікке қатысты ма деген мәселеде ғалымдарда ортақ пікір болмады. Кейбір ғалымдар нөлдік форманы бір ғана септіктің формасы деп санады, ал негізгі септікті танушылардың бәрі оның семантикалық құрамында атау септіктің субьект мағынасын және қосымшасыз басқа септіктердің мағынасын қосқан. Сондықтан оны атау септік деп атамай, негізгі септік деп атаған.
Атау септік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет