Қосмекенділер немесе Амфибиялар Amphіbіa

бет4/7
Дата29.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#77233
1   2   3   4   5   6   7

Зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас ерекшеліктерне қарай құрылысы өзгергіш келеді. Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос, ал ересек кезінде мезонефрос зәр шығару мүшелердің қызметін атқарады. Зәр заты алдымен клоакаға, одан кейін қуыққа жиналады. Жиналған зәр заты қайтадан клоакаға содан кейін сыртқа шығады. Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері арқылы да бөлінеді.

Көбеюі.Аналық безі жұп, оның үстінде майды дене жатады. Уылдырық шашатын мерзімде аналық жыныс бездерінің мөлшері артады. Жетілген жұмыртқалар дене қуысына түсіп, одан воронка тәрізді бір жұп жұмыртқа жолына — мюллеров каналдарына өтеді. Уылдырық мюллеров каналдары арқылы сыртқа шығады. Жұмыртқа жолы ұзын, оның алдыңғы бөлімі – клоакаға ашылады. Ұрықтану көпшілік жағдайда сыртта судың ішінде өтеді. Көпшілік қосмекенділердің ұрықтану кезінде еркегі ұрғашысына асынып, алдыңғы аяғымен ұрғашысының құрсағын қасып, уылдырықтың суға түсуіне себеп тигізеді де, сол сәтте еркегі уылдырықты ұрықтандырады. Кейбір түрлерінде (тритондарда) еркегі спермаларын арнайы қапшықшада (сперматофорда) жинап, содан кейін ұрғашысы клоакасының шетімен жинап өзінің ұрық жолына кіргізіп алады. Бұл жағдайда ұрықтану ұрғашысының ішінде болады. Көпшілігінде жыныс диморфизмі жақсы дамыған (түсі – реңі, алдыңғы аяғында сүйелінің болуы т.б. белгілері), кейбір түрлерінің еркегі ерекше қатты дыбыс береді, ол дыбыс қапшығы — резонаторлардың арқасында шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет