Нерв жүйесі. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады. Мидың бұл бөлімінің нашар дамуы қосмекенділердің қозғалысының күрделі болмай жай баяу қимылдауына байланысты. Жұлын нервтері иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Сезу мүшелерінің ішінде белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшыраған мүше ол есту мүшесі. Ол балықтарға қарағанда қосмекенділердің есту мүшелер: жақсы дамыған. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден, күшті жарықтан сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Көздің мөлдір қабығының пішіні балықтардікіндей тегіс болмай – дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай – линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қосмекенділердің алысырақтан көрінуіне мүмкіндік береді.

Қосмекенділерде жұп иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір жұп танау тесігімен қатынасады. Қосмекенділер иіс сезу мүшесін ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде танауын жауып жүреді. Балықтарға тән бүйір сызық, қосмекенділердің тек личинкаларына ғана тән.
Зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас ерекшеліктерне қарай құрылысы өзгергіш келеді. Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос, ал ересек кезінде мезонефрос зәр шығару мүшелердің қызметін атқарады. Зәр заты алдымен клоакаға, одан кейін қуыққа жиналады. Жиналған зәр заты қайтадан клоакаға содан кейін сыртқа шығады. Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері арқылы да бөлінеді.