Қосмекенділердің суда тіршілік ететін личинкалары сыртқы желбезек және терісі арқылы тыныс алады. Үнемі суда тіршілік ететін құйрықты қосмекенділерде желбезек өмір бойы сақталады, ал көптеген түрлерінде кейінірек желбезек жойылып кетеді.
Қан айналу жүйесі. Барлық қосмекенділердің жүрегі үш бөлімнен: бір қарыншадан, екі жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады. Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ бөлігінде вена қандары, сол жағында – артерия қандары, ал ортасында — аралас қандар тұрады. Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлінбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай, олардың денесінде жылу аз болады.