Дамуы. Қосмекенділердің сумен байланыстылыга көбею кезінде өте айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де, біріне-бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады. 2-3 аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы – итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені онын әлі ауызы болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртында көрінбейді, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу кызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.