Сан жағынан көп, құрылысы күрделі, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакш, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшілігі тропикалық елдерде көп кездеседі. Олардын әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетінен секіріп жүреді. Олардың ішінде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып інде тіршілік ететіндері бар. Құйрықсыздар терісі қалындау, сондықтан олардың өкпесі жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тіршілік етеді. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекенділердің көбеюіндегі ерекшелік – олардың көбею кезінде суға келіп жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтеді.
Олар су мен құрлықтың арасындағы зат алмасуды жүргізуде көптеген биоценоздарда көбейіп байланыстырушы қызметін атқарады.
Қосмекенділердің негізгі қорегі омыртқасыз жануарлар, оның ішінде насекомдар. Олар — бақшаның, орман мен даланың зиянкестерін жеп, адамдарға пайда келтіреді. Мамандардың есебі бойынша жаз бойы бір шөп көлбақасы шамамен 1.2 мың ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянды насекомдарын жейді екен. Құрбақалар азығын түнде іздеп құстар іздеп таба алмайтын түн насекомдарын, моллюскалардан жалаңаш шырышты т.б. түн жәндіктерін жеп үлкен пайда келтіреді.
Бақалар ертеден медицина мен ғылымға әртүрлі тәжірибелер жасайтын бірден-бір қолайлы жануарлар. Көптеген ғалымдар өздерінің ғылымда ашқан ұлы жаңалықтарын бақаларға тәжірибелер жасау арқылы жетті. Мысалы, И.М.Сеченов бас миының рефлексін, нерв орталығындағы тежелу құбылысын осы бақаларға жасалған тәжірибелердің нәтижесінде ашты.
Кейбір елдерде, Францияда, Италиада бақаның аяқтарынан картопка қосып дәмді тағамдар жасайды, Ал Австралияда, Америкада сорпа жасайды. Сол себепті оларды арнайы фермаларда өсіреді. Қосмекенділердің өзі көптеген сүтқоректілерге, құстарға және балықтарға қорек ретінде қызмет етеді, әрине басқа омыртқалыларға қарағанда адам өмірінде маңызы шамалы.
Табиғатта оларға “жексұрын” деген көзқарастың дұрыс болмауының салдарынан көбірек өледі. Жоғарыда айтылған деректерге сүйене отырып, оларды да қорғауға алу керек. Мысалы, Польшада, Англияда, Грецияда оларды ұстауға тиым салынған. Қазақстанда қосмекенділердің ішінде сирек кездесетін түрі жетісу бақасы қорғауға алынған.