Кішкентай доптармен жасалатын жаттығу топтамалары 1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп алға. 1 – оң аяққа ұмтылу, доп
жоғары; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 - сол аяққа ұмтылу, доп жоғары; 4 –
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – орнында тұрып секіру,
доп кеудеге; 2 – орнында тұрып секіру, доп жоғары; 3- орнында тұрып секіру,
доп кеудеге; 4 – секіріп бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – доп алға, оң аяқты алға
сермеу; 2 - негізгі тік тұру, доп төмен; 3 – доп алға, сол аяқты алға сермеу; 4 -
негізгі тік тұру, доп төмен. Осыны 6-8 рет қайталау.
4. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – допты жоғары
лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу; 2 – бастапқы қалыпқа
келу; 3 – допты жоғары лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу;
4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
Секірмекпен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының топтамалары 1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек алда. 1 – секірмектен алға оң
аяқпен аттау; 2 – секірмектен сол аяқпен аттау; 3 - секірмектен артқа оң аяқпен
аттау; 4 – секірмектен артқа сол аяқпен аттау. Осыны 6-8 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек артта төмен. Секірмекті
айналдырып, одан оң аяқпен, сол аяқпен кезек-кезек секіру. 30-40 рет секіру.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек артта, оң аяқтың өкшесінің
астында, тартылған. 1 – оң аяқты секірмекпен бірге көтеріп, алға еңкею, тепе-
теңдік сол жақта; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 – сол аяқты секірмекпен бірге
көтеріп, алға еңкею, тепе-теңдік оң жақта; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-
6 рет қайталау.
4. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, секірмек артта. Қос аяқтап секіру,
секірмекті алға қарай айналдыру. 30-40 рет секіру.