- Ұштық арткы сегмент, segmentum apicoposterius, S (1-2)-сырткы пішіні және топографиялық орналасуы оң өкпенің жоғарғы ұштық сегменті мен арткы сегментіне сәйкес орналаскан. Сегменттің табаны қабырғаның артқы қапталына бағыттталып, ІІІ-Ү кабырға аралығында, ал медиалді беті қолқа доғасы мен сол бұғанаасты артериясымен беттесіп орналасады
- Алдыңғы сегмент, segmentum anterius, (S 3) сол өкпенің жоғарғы бөлігінің баска сегменттеріне қарағанда көлемі үлкен, I-IV кабырға аралығында орналаскан. Сегменттін медиалді бетінің кішкене беті өкпе бағанасымен, truncus pulmonalis, беттескен.
- Жоғарғы тілшелік сегмент, segmentum lingulare superius, (S 4) сол өкпенің жоғарғы бөлігінін сегменті ретінде карастырылады. Онын алдыңғы беті III-V - қабырғааралықта, колтықтык беті IV-VI кабырғалардың тұсында орналаскан.
- Төменгі тілшелік сегмент, segmentum lingulare inferius, ( S 5)- ол жоғарыда айтылып өткен сегменттен төменірек көкетпен беттесіп орналаскан. Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің жоғарғы және төменгі тілшелік сегменттері, көлемі жағынан оң өкпенің ортаңғы бөлігшің көлеміндей, жүректің сол қарыншасымен, кеуде қуысы кабырғасымен және өкпеқаптың кабырға-көкет койнауымен, sinus costodia-phragmaticus, беттесіп орналасқан.
2. Сол өкпенің төменгі бөлігінің сегменттері:
- Жоғарғы ұштық сегменті, segmentum apicale, (superius) (S 6) -омыртқа бағанасына бағытталып орналасқан.
- Медиалді базалді (жүректік) сегмент, segmentum basale mediate, (cardiacum) (S 8), бұл сегмент 83% жағдайда көршілес алдыңғы базалді сегментпен бірге жалпы бір бронхтан тұрады. Сегмент сол өкпенің тілшелік сегментінен кигаш саңылау арқылы, fissura obligua, шектелген. -Латералді базалді сегмент, segmentum basale laterale, (S IX), қолтық аймағына карап, ІХ-Х -кабыргааралықта орналаскан.
-Артқы базалді сегмент, segmentum basale posterius, (S x), сол өкпенің төменгі бөлігінің ішіндегі көлемі үлкен сегмент болып саналады. Ол VII-X қабыргалардың тұсында кокетпен, қолқаның кеуде бөлігімен және оңешпен беттесіп орналаскан.