Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Башкирева Т., Ерментаева А., Тойбагаров С.. “Некоторые
вопросы организации учебных заведении для одаренных детей”.
Москва. Поиск. 2005 г.
2.Н.Дөкенова “Оқушылардың шығармашылық дарынын дамыту”.
Қазақ тілі мен әдебиеті - 2000 ж. №9 - 38 - 48 б.
3. Т.Кәрім “Бүгінгі дарын – ертенгі ғалым”. Қазақстан мұғалімі
2007 ж. №5.
4.С.Хайдарова
“Оқушылардың
шығармашылық
дарының
дамыту”. Бастауыш мектеп №4,2004 ж.
5.Ә.Түлкібаева. “Дарындылық бастауы”. Бастауыш мектеп.
№7,2001 ж.
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
КУДАЙБЕРГЕНОВА Ж.А.
Семей қаласы, ҚИУ, «Педагогика және психология»
мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жеткешісі: АБИЛЬМАЖИНОВА О.С.
Семей қаласы, ҚИУ, Педагогика және дизайн кафедрасының аға
оқытушысы
Мінез бен ақыл жарсса-адамгершілік ұтады
Әл-Фараби
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа
адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани
бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз-оқушылардың бойында мінез-
құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру дәне олардың өздерінің
де бір-біріне, отбасына, басқа да адамдарға, мемлекетке, Отанға деген
қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту
жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі. Адамгершілік
адам бойындағы ең асыл қасиеттерінің бірі. Ол қасиет адамды
мейрімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда
адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды.
Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамды болып келген.
128
Адамгершілік кейбір бағыттар заман өзгеріне байланысты өзгеріп
отырады. Себебі, тәрбие –қоғамдық құбылыс.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге
болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мұғалім шешуші
рөл атқарады. Осыған байланысты, кіші мектеп жасындағы
оқушылардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру-қазіргі кездегі
тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып
табылады.
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін оқыту үрдісінде ғылыми-
материалистік
дүниеге
көзқарасты
қалыптастыруға
болады.
Адамгершілік сезімін тәрбиелеу мен гуманизм үшін ана тілі, әдеби
шығармалардың көркем фильмдердің, ертегілердің маңызы зор.
Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен
бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» ,- дейді. Демек оқушыға
жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл
қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат деке тұлғаның өзіндік
көзқарасынның қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері
сөзсіз.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жан-жақты дамуын,
олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге
асыруда басты рөлді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және
үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, мұғалім
ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы
неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған
сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың рухани-адамгершлік
дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы
артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын
бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен,
ойында
ұнамды
әдеттер,
өзара
қарым-қатынастар,
адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер
еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың
сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т.б.
қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілікке
тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік
бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы
қарым-қатынас,
тұрмыстың
қарапайым
ережелерін
орындау,
кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау
129
және т.б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-
қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр
түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің
негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына,
төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі
жасалмайды.
Абай атамыз адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген
пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза
болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу.
Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді
сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан
сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз
көрсе ғана, адам парасатты болады. Ал екінші талабы - тұрақтылық,
"Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде
азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар
болсын"дейді. Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті -
дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін
қызмет
істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі).
Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар,
сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез
ерекшеліктерінің орны ерекше.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның
бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы
ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген
көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде
үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына
қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-
дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа
да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани
тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат
бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол
қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілік тәрбиесін
қалыптастыруда оның педагогикалық мәселелерінің ғылыми теориялық
негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасында
қайшылық байқалады.
130
Қорыта келгенде,уақыт талабынан туындап,білім беру жүйесінде
болып жатқан өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке
дейінгі мекемелерге отбасы тәрбиесіне де қозғау салып,баланы
тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды
міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде
сапалы білім,саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал
сөзіне сүйенеміз.
Адамгершілік тәрбие ақыл-ой, еңбек, азаматтық, эстетикалық,
дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, т.б. тәрбие салаларына
тікелей ықпал жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Дүйсенбаева Б. Жас ұрпаққа тәрбие берудегі адамгершілік
тәрбиенің рөлі//Сыныптағы тәрбие,2004ж.
2. Сейітқазы П. Ұрпақ тәрбиесінің кейбір мәселелері//Ұлт
тағылымы №1. -2003ж.
3. Жұмабаев М. Педагогика – Алматы,1992ж.
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ОТБАСЫЛЫҚ
ТӘРБИЕНІҢ ФАКТОРЫ
МАСАЛИМОВА Н.Е.
Қазақстан инновациялық университетінің 2 курс магистранты
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән
асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті
күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына
сіңіреді.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-
міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
«Мәңгілік
Ел»
жалпыұлттық
идеясын
жүзеге
асыру
жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті- рухани
дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы
институтының тәрбиелік әлеуетін күшейту.
Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- ұрпақ әкелу,
екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға
ретінде қалыптастыру — әрбір ата-ананың қасиетті борышы. Жеке
адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа
адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы
131
алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті, басқа ешнәрсемен
өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Жақсы адамгершілік
қасиеттердің
түп негізі
отбасында
қалыптасатыны белгілі. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі
болып
табылады
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл
жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас
нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,
болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет
жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны
дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты
өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге,
жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени
құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Отбасындағы қарым-қатынастар шын ниетпен, кең пейілмен құрылған
болса, онда балалар басқа адамдармен араласу барысында осындай
жақсы қасиеттерді сақтауға тырысады. Отбасында өзара көмек көрсету
кішілерге үлгі өнеге болу, бірін-бірі қолдау, үлкендерге сый құрмет
көрсету, бірлесе істеген еңбек нәтижесінде ортақ жетістіктер
қуанышына бөлену, бірлесе өткізген демалыс уақыттары – барлығы
балалар жүрегінде ерекше із қалдырады.Ата-аналар балаларды
белсенділікке ынталандырулары, оларды тек бағынышты субъектке
айналдырмай, оның тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі
қабілеттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Педагогикада ата-
аналардан балаға тек бала деп қарамай, оны өздерімен тең құқылы
қарым-қатынасқа қатысушы деп бағалап оның идеяларымен,
көзқарастарымен, қызығушылықтарымен санасуларын талап етеді.
Ата-аналар үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері балаларды
ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын , құпияларын сақтай
алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата-
аналардың өз балаларының ерекшеліктерін дұрыс білуге оған артқан
сеніммен негізделеді. Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі емін-
еркін сөйлесу, аялау, еркелету қалыптасқан отбасылық дәстүрлер әдет
және т.б. тағылымды тәрбие негізін қалайды.
Халқымыздың
тәлім-
тәрбиелік
мұрасына
үңілсек,
ол
адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-
бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді
сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты
сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-
бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай
адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
132
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық
педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне
заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып
қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды
ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Ұлттық құндылықтар: ұлттың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы,
тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата мұрасы және т.б
дәріптеуге баулыған. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай,
мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам
баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның
бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын,
ұмтылыстарын, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске
асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді .
Осылайша, бала мінез-құлқының негізін қалыптастыруда, оның
бойына рухани-адамгершілік сезімін, инабаттылық, әділеттілік,
шыншылдық тәрізді адамдық абзал қасиеттерді егуде отбасы ең
алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ осы жағымды қасиеттерді жас
ұрпақтың бойына дарыту ең алдымен отбасындағы тәрбие арқылы
жүзеге асатыны белгілі. Осымен байланысты «Тәрбие -табалдырықтан
басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. М.Жұмабаев. Педагогика –Алматы.-1992
2. Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері //
Бастауыш мектеп № 2 2004
3. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру
жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
4. А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1990.
133
ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАЛЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ
ОҚУШЫ БОЙЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ
ТӘСІЛДЕРІ
МУКУШЕВА Е.Ж.
Семей қаласының Қазақстан инновация университеті, Педагогика
және психология мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: БАЙГУНДИНОВА Б. И.
Семей қаласының Қазақстан инновация университетінің
оқытушысы
Өзектілігі: Оқушының оқуға деген мотивациясының артыуына не
істеуге болады? Қарапайым мұғалім білім беру саласындағы көтеріліп
жатқан осы өзекті мәселені өзгерту үшін не істей алады? Деген
сұрақтардың жауабын алуға тырыстым. Оқушылардың оқуға деген
мотивациясының жоғарлауына, сыныптағы көңіл күйдің жақсы болуын
қамтамасыз ету.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар
мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.1999 жылы маусымда
ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы
айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке
тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды
қарастырады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында
“Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-
ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында
айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін
білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін
қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,
мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне
байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде
әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың
әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз,
барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз
болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән
берілуде.
Мектептегі
оқу
үрдісі
оушылардың
танымдық
қызығушылықтарын
арттыра
отырып,
олардың
белсенділігін,
шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің
біріне айналып отыр.
134
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту болашақта
білімді өз бетінше жинау алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол
атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.
Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына
ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие
жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас
еді.
Зерттеудің мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектептердегі
білім алушылардың үлгерімі төмендігі мәселесін қарастыру, шешімін
табу.
Зерттеудің міндеттері: Мектеп жасындағы балалардың оқуға
деген қызығушылығын анықтау.
Зерттеу объектісі: Семей қаласының «№ 19 жалпы орта білім
беретін» мектебіндегі 5-6 сынып оқушылары.
Зерттеудің
әдістері:
Зерттеу
проблемасы
бойынша
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге
теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар
жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі
жақсы оқи
түседі П.Клайн.
Қазіргі
жағдайда
рухани
жағынан
дамыған
тұлғаны
қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім
алушылардың үлгерімі төмендігі мәселесін шешу қажет болуда.
Үлгерімі төмен оқушыларды зерттеу кезінде танымдық қызметтің
қандай да бір құрылымдық бөліктерінің әр алуан қалыптасу деңгейімен
байланысты дамудың көп түрлілігін анықтадым. Бұл үлгермеушілікті
туғызатын көптеген себептердің айқын көрінісі.
Мектептерде жүргізілген диагностикалық зерттеулер, тексерулер
немесе әдістемелік көмек беру барысында көпшілік жағдайда мектеп
әкімшілігі мен мұғалімдер үлгерімі төмен оқушыларға көңіл аудара
бермейді. Мысалға, 5-сыныпта «үштікке» оқыған бала 11-сыныпқа
дейін «үшпен» оқиды. Ол балада ынта бар ма, жоқ па? Мүмкін ол
белгілі бір себептермен оқуға қатыса алмай немесе меңгере алмай
жүрген шығар? Өкінішке орай, көпшілік мұғалім «қанағаттанарлық
тобындағы» балалардың білімін бағалауда талдау жасамайды. Ал
ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, оқушылар үлгермеушілігінің алдын
алу
мен
оны
жеңу
–
күрделі
процесс.
Бұл
процесс
педагогикалық диагностика негізіндегі жүйелі әрекеттер аясында
жүзеге асырылады. Әрине, оқушыны әлеуметтік және ұжымішілік
қарым-қатынастарға, қоғаммен және ұжыммен жауапты байланыстар
135
жүйесіне енгізу, осыған қажетті барлық оңды мүмкіндіктерді пайдалану
– біздің міндетіміз. Сондықтан үлгермейтін оқушыларға арналған
бірыңғай педагогикалық ұстанымдар құруымыз, белгілі бір ерік
күшіне, мінезге жаттығу әдістемесін үйретуіміз қажет-ақ.
Осы аталғандарды тәжірибеде қолдану үшін мұғалімнің белсенді
ұстанымда болулары шарт. Атап айтқанда, ойланып, мақсатты түрде,
батыл, шешімді, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету және жеке тұлғаға
әсер ете отырып, оқыту әдіс-тәсілдерінің бүкіл педагогикалық
арсеналын қолдану. Мектептегі және отбасындағы психологиялық
білімнің жетіспеушілігінен кей оқушылар тәрбие мен оқудың жалпы
жүйесінен қалып қояды. Олар педагогикалық ұжымның әсерін
тиісінше қабылдамай, нәтижеде өздерінің интеллектуалды және рухани
дамуында артта қалады.
Семей қаласындағы № 19 Жалпы білім беретін орта мектептің 5-6
сынып оқушыларының сабаққа деген ынталарын білу мақсатында
кішігірім сауалнама жүргіздік .
Сауалнама сұрақтары:
Сіз сабақты оқу міндетті болғаны үшін мектепке келесіз бе?
Сіз сабаққа өз ерік ынтаңызбен келесіз бе?
Осы сауалнаманы жүргізу барысында мектеп оқушыларының
сабаққа деген ынтасының төмен деңгейде екенін көруге болады.
Осының себептерін анықтап, оқушылармен сұхбаттасу барысында сабақ
бағдарламасының қиын, сабақтың өткізілу формасының қызықсыз, әрі
өту деңгейі төмен екенін білдім. Тағы бір себебі, 5 сынып
оқушыларының жаңа ұстаздарға үйренісуі, жаңадан қосылған пәндерді
іліп әкете алуында қиындықтар туындап, бастауыш сыныпта жақсы
58%
35%
7%
Оқушының сабаққа деген
ынтасын анықтау
сауалнамасы
міндетті
ынтасымен
басқа себептер
136
оқыған баланың сабақ үлгерімі төмендеу барысында, оқушылардың
сабаққа деген ынтасы күрт төмендеуі байқалады. Осындай
оқушылардың сабаққа деген ынтасын қайта арттыру барысында
көптеген тренингтер жүргіздік. Олар:
«Сандар сыр шертеді»
«Белсенді әріптер»
«Ойлан, тап!»
«Ертегіні жалғастыр»
Тағы
бір
мәселе
ата-аналардың
әлсіз
педагогикалық-
психологиялық білімдер және үйде педагогикаға қарама-қайшы
тәсілдердің қолданылуы. Олар:
ата-аналар мен туған-туысқандардың баланың шынайы
мүмкіндіктері мен күштерін асыра бағалауы;
отбасылық тәрбие жалған идеяда құрылады: балалық шақ
қиыншылықсыз және міндеттемелерсіз өту қажет деген пікір;
ересектердің балаға бар жақсыны беруі;
оқудағы басты жауапкершілік мектепке жүктеледі деген ата-
аналардың жаңсақ ойы;
баланың оқу қызметіне дұрыс емес қатынасы, бала
кемшілігінде тек мұғалімді кінәлауы.
Оқушы бойындағы оқуға деген кері қатынасты тудыратын
себептер өздігінен болмайды, олар мектептегі қолайсыз жағдайлардың
үйлесуі арқылы пайда болады. Педагогикалық қателіктер жіберіліп
жатқан жағдайда бұл себептер белсенді түрде өзара әрекет ете
бастайды.
Оқушылардың
үлгермеушілігінің
себебі
ретіндегі
психологиялық ерекшеліктер мыналар жатады: сана мен мінез; дербес
және әлеуметтік тәжірибе; мұқтаждықтар мен мүмкіндіктер; мақсат-
міндеттер және оған қол жеткізу барысындағы жанжалдың пайда болуы;
аурулар мен басқа да қолайсыз жағдайлардың салдарынан жалпы
дамудағы кешеуілдеу; тұлғаның жекелік ерекшелілігі; физиологиялық
кемшілік түрінде көрініс табатын тұқым қуалаушы ауытқушылықтар.
Мектептегі және сыныптағы жалпы атмосфера, оқушының іс-
әрекетінің әр алуан түрін ұйымдастыратын ұжымдық топтарға
араласуы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастар,
тапсырманы орындауда мұғалімнің тікелей араласпай, оқушыны дұрыс
шешімге итермелейтін кеңестер түрінде көмек беруі, мұғалімнің
оқушыларды бағалау қызметіне тартуы және оларда өзіндік бағаның
қалыптасуы оңды оқу мотивациясын (түрткісін) тәрбиелеуге ықпалын
тигізеді. Түрткінің қалыптасуына түрлі баяндаулар (қызықты мысалдар,
тәжірибелер, фактілер), оқушының таңданысын туғызатын материал
берудің айрықша формасы, мұғалім тілінің эмоционалдығы, танымдық
137
ойындар, пікірталас пен дау-дамай жағдайлары, мұғалімнің мадақтау
мен жазалауды шебер қолдануы - барлығы септігін тигізеді. Оқушының
оқи білудің барлық жақтарын меңгеруі мұнда ерекше мәнге ие.
Осыған орай, үлгермеуші оқушылардың оқуға деген ынтасын
көтеруде мұғалім қандай тапсырмалар мен жаттығуларды қолдана
алады? Олар:
Ең әуелі баланың бойында «ашықтық» сезімін күшейтуден
бастаған жөн.
Балада таңдау жағдайларын қолдану. Өйткені таңдау жағдайлары
оқушының шешімді қабылдай білуін, әр түрлі түрткілерді үйлестіре
және бағындыра білуді берік етеді.
Оқушылардың мақсатқойғыштығына көңіл бөлу. Оқушылар өз
мүмкіндіктерін айыра білуді, өз жұмысына психологиялық баға беруді,
сол арқылы алға қойған мақсаттың шынайылылығын анықтайды.
Мадақтау. Мұғалімнің мақтауы оқушыны әрі қарай әрекет етуге
итермелеуі
мүмкін.
Мұғалім
оқушының
жетістіктерін
өзге
оқушылардың жетістіктерімен емес, оның бұрынғы нәтижелерімен
салыстырады. Мұндай жағдайда әлсіз оқушы өзін табысты сезінсе,
күшті оқушы сәтсіздікті сезінеді.
Мақсаттардың
тұрақтылығы.
Мақсатты
сақтап
қалуға кедергілердің соңынан іле-шала оқу қызметін қайта құруға
бағытталған тапсырмалар септігін тигізеді. Кедергілерді жеңу
дағдыларының тууына әр түрлі кедергілерді көп реттік қайталау
тапсырмалары әсер етеді.
Психолог тарапынан жүргізілетін эмоционалды тренинг қауіп-
қатерлерді жою, оңды эмоцияларды нығайту, өз қызметін жоспарлай
білу және оның қиындықтарын көре білу жаттығуларынан тұрады.
Сабақ
шеңберінде
үлгермеуші
оқушылардың
түрткісін
қалыптастыруға бағытталған жеке әрекет жүргізіледі. Түзету жұмысын
қысқа уақытта (1 апта көлемінде) іске асырылатын мақсаттардан бастау
қажет. Себебі бұл – мұғалім мен оқушыға алғашқы позитивті (оңды)
нәтижелерді жылдам көруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, оқу
мотивациясын және үлгермеуші оқушылардың оқи білу қабілетін
қалыптастыру келесі бағыттардан тұрады:
ең алдымен, оқуға және жеке оқу пәндері мен сабақтарға оңды
қатынастың қалыптасуы;
мұндай қатынасты оқушылардың табыстағы сенімділігін
қолдайтын тапсырмаларды шешуден бастауды ұйымдастыру;
оқушының шағын жетістігін қолдап, сұрау, төзімділік таныта
тыңдай білу.
138
Үлгермеуші оқушыларда өзіндік оқи білу қабілетін нығайту
үшін мына жұмыстарды
басшылыққа алу қажет:
- білімдегі проблемаларды жою;
- білім қорын байыту;
- білімді
барлық параметрлер бойынша (толықтығы,
жүйелілігі, әрекеттілігі, беріктігі) дамыту;
- оқушыларды нұсқауларға сәйкес әрекет етуге үйрету;
- күрделі қимылдарға арнайы үйрету;
- түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білу және оларды қолдану;
- жоспарлар мен көрнекіліктер қолдану.
Жеке дара айырмашылықтар адамдардың танымдық ортасына да
қатысты. Біреулерінде көру есінің қабілеті, тағы біреулерінде – есту,
үшіншілерінде – көру-қозғалысты естің түрі басым. Кейбіреулерде
көрнекі-образды, біреулерде – абстрактілі-логикалық ойлау жақсы
дамиды. Сондықтан да бірі материалды көру қабілетінің көмегімен, бірі
– есту арқылы жеңіл қабылдайды. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне
мән бермеу оқыту мақсаттарына қол жеткізуде қиындықтардың пайда
болуына әкеледі. Баланың аудиалды (есту) немесе визуалды (көру)
қабілеттерін анықтауда мектеп психологының зерттеулеріне жүгіну
қажет.
Қазіргі таңда танымдық қызметтің арнайы және логикалық
тәсілдерінің тұтастай жоспарын құрастыру қажеттілігі туындап отыр.
Олар әрбір оқу пәнін үйрену кезінде қалыптасуы керек. Тәсілдер
мазмұнын талдау әрқайсысының басқалармен салыстырғанда жаңаша
түрін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоспарлардың болуы және
меңгеруді басқару жағдайларының жүзеге асырылуы оқу процесінің
тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Сонымен психолог Т.Тәжібаев балаларды оқыту тәрбиелеу
барысында мынадай жайттарды ескертеді:
Балаларда танымтық қызығушылтары дами түсу үшін оқу
сапасын жақсарту қажет. Оқу мазмұнды, идеалды, тартымды болып
келгені жөн.
Балалардың көркем әдебиетті көбірек оқу жағын қарастыру
керек. Себебі, осы арқылы оқушылар көпнәрсемен танысады, көпбілім
алады, сөйтіп оқуға деген қызығуы артады.
Балалардың өз бетімен, дербес жұмыс істеу жағын қарастырып
отыру қажет. Түрлі шараларды қолданып, мұғалім балалардың
сабағында артта қалмауын қарастырғаны жөн. Балалардың білім
әрқашан жүйелі түрде бағаланып отыруы тиіс. Бағалардың нәтижесін
өздеріне айтып, мадақтап отырғаны дұрыс. Мұғалім балалардың оқуын,
139
тәртібін бағалау мәселесіне жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің
оқушыға қойған қате бағасы тым қатты әсер етеді.
Қорытынды:
Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайды. Ол әлеуметтік
ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Блалардың қызығулары
олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғаныдықтан,
оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда әр түрлі жаста балалардың
өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |