Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет136/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

тілдік, 
поэтикалық, 
жеке 
қолданыстағы 
(индивидуалды) метафора.
«Жеке 
қолданыстағы 
(индивидуалды) 
метафора
белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. Бұлар 
сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана 
ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік 
ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді мағына әрдайым құбылмалы 
болады» [67,90 б.]. 
Нұртуған мен Ерімбет ақын шығармаларының қайсысын алсақ та 
көркемдеуіш құралдардың ішінде 
жеке қолданыстағы (индивидуалды) 
метафоралар 
еркін және жиі пайдаланылған. Мысалы, Нұртуғанның 
толғауында: 
Қазақта сөз асылын арқалаған 
Ұлы Абай – бір ғасырдың биік шыңы. 
Абайға соқпай кету қияметтей, 
Өйткені сөз қоры – кен құдіреттей
[Н.К.Іт]
− 
деп қолданылса, Ерімбет 
ақында былайша сипатталады: 
Тіл – бұлбұл, ой – гүлстан, көңіл – бақтай, 
Қол – пілте, кеуде – зауыт, көз – шырақтай. 
Ақыл – гүл, ашу – мәжүс, әдеп – шалғын, 
Жайқалған айдын көлде көк құрақтай. 
Тәубе – бұлт, дәме – тұман, қанағат – күн, 
Бұлт аспас, күнә артар Гоһи Қаптай. 
Нәпсі – жар, шайтан – бөрі қорғалаған, 
Ойнаған – иман – жарға қозы-лақтай
 
[E.К]

Мұндағы ерекше көрсетілген метафоралық қолданыстар әр ақынның 
өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан бұл тәрізді метафоралар 
жалпыхалықтық емес, 
жеке қолданыстағы метафоралар 
деп аталады. 
Бұл айтылған ойымызды ғалым Б. Қасымның «күрделі атаулардағы 
метафоралардың басты ерекшелігі – мағынаның екі жақты болуы. Біріншісі, 
номинативтік мағынадан
ауыспалы, келтірінді мағынаға ауысуы; екіншіден, 
осы тәсілмен жасалған күрделі атаулардың бойында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет