Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


фразеологизмдік метафоралар



Pdf көрінісі
бет139/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

фразеологизмдік метафоралар
да молынан кездесті. Мысалы: 
сүт пісірім, қожа бесін, сарша тамыз, соңырағы күні, күн қызылы батқанда, 
қаңтар күйегінде, ұлы сәске, кіші бесінде, таң рауан атқанда, түс әлетінде, 
ай сәскеге келгенде, түн жарпында, күн тұсаубойы көтерілгенде, қозы пісіп 
жатқанда, әлмисақтан бері, ала қардың кезі
т.б. 
Нұртуған ақынның шығармасында мынадай өлең жолдары кездеседі: 
Сол 
замат салқын түсіп, 
зауал
ауған, Шілде емес, 
сарша тамыз, әсет
болған 
[Н.К.Іт]. Мұндағы 
зауал, сарша тамыз, әсет
қазіргі қазақ тіл қолданыcында 
пассив қабаттағы сөздер. Ал, Иран және Ауғанстан қазақтарының тілінде 
кейбір ай аттары дәл осы қалыпта айтылады: 
әзәл ≈ наурыз, сауыр ≈ сәуір, 
жәузә ≈ мамыр, саратан ≈ маусым, әсет ≈ шілде, мазам ≈ қыркүйек, қауыс ≈ 
қараша
т.б. [146, 55 б.]. 
7) Ақындар шығармаларында қашықтық, жақындық, кеңістік мөлшеріне 
байланысты 
фразеологизмдік метафоралар 
да қолданылған. Мысалы: 
айшылық жер, түстік жер, мезгілдік жер, сәскелік жер, ит арқасы қиянға, 
итжеккен жер, шөке атым жер, тоғыз қабат, тоғыз аршын, қарыс сүйем, 
кере қарыс, жеті қат, кере қарыс, қалыңдығы кереге бойы, тұтам жер, он екі 
аршын 
т.б. 
Бұлар халық қолданысында уақыт, қашықтық өлшемдерінің нақты 
қалпына түспеген кезде шыққан ұғымдар. Бұл ұғымдар сонымен қатар қазақ 
ұлтының тұрмыс-тіршілігі мен айналысқан шаруашылық түрінен де хабар 
береді. 
Н.Кенжеғұлұлы шығармаларының тілінде кейіпкер бейнесін ашу 
мақсатында қолданылған, біреудің жеке басын не бір нәрсені масқаралау, 
абыройын төгу, қорлау, жәбірлеу, тіл тигізу, балағаттау мақсатында дөрекі, 
қарғыс мәнде айтылатын 
фразеологизмдік метафоралар
кездеседі. Мысалы: 
Шыбын жаным сау күнде Бермес пе едім жазасын?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет