120
сөздің шығарманың тұтас мазмұнын, идеясын, көркемдігін түсініп сезінуге
пәлендей нұқсан келтірмейтін фактісі де себеп болса керек.
Екінші себеп
(фактор) – аталған ақындар туындыларының үлгілері
ішінара қолжазба түрінде сақталуының да орын алғандығы деп топшылаймыз.
Етек алып, дәстүрге айналмағанымен, қазақ қауымында да әр алуан мұраларды
(айталық, тек өлеңдер ғана емес, шежіре мен шешендік сөздер сияқтыларды да)
жазба түрінде сақтау фактісі болған. Әсіресе ХІХ ғасырдың өн бойында
қолжазба дәптерлер таралып келгенін Нұртуған мен Ерімбет мұраларының тілі
бір дәлелдесе, осы тұста орыс зерттеушілері айтқан (жазған) сөздер тағы
дәлелдейді. Мысалы, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қазақ халқының тілі,
мәдениеті, этнографиясы, шаруашылығы т.б. жайында жарық көрген әдебиеттің
библиографиясын жасаған ағартушы А. Алекторов қазақтарда ХІХ ғасырдың
екінші жартысында қолжазба дәптерлердің бар болғанын айтады.
Көнерген аталымдар мен көне поэтикалық құралдардың сақталуына негіз
болған
үшінші себеп
(фоктор) − әдеби тіл нормаларының тұрақталып,
қалыптасу қасиетіне ие екендігі.
Сыр бойы ақын-жыраулары Е. Көлдейбекұлы мен Н. Кенжеғұлұлы сол
кезеңдегі қоғамның мәдени-рухани өмірі мен діни ұғымдарға қатысты толып
жатқан сөздер әкелді, сол замандағы сөйлеу тілін, оның ерекшелігін хатқа
түсіріп, алуан түрлі сөздермен байытып отырды және қазақ тіліне көркем
шығыс поэзиясының кейбір қонымды образдарын қосты, сол образдар арқылы
жеке сөздер мен тұлғалар енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: