Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Діни ұғымға қатысты көнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет59/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   393
1
Діни ұғымға қатысты көнерген аталымдар. 
Ақындар өмір сүрген 
тұста қазіргі тілде көнерген болып табылатын мол қабатты діни ұғымға 
қатысты сөздер құрайды. 
Ақындар шығармаларының тілінде араб-парсы сөздері едәуір мөлшерде 
кездесетіндігін жоғарыда атап өткенбіз. Олардың бір тобын бұрынғысынша 
дерексіз ұғымдарды білдіретін, халықтың тіліне сіңген сөздер құраса, келесі 
тобын ислам дініне қатысты ұғымдар 
(жәһәннам, құтба, зікір, зекет, махшар, 
топан, аят, рабат, бесін, підия, мүһмін, тәубе, хазірет, аждаһа, зұлпыхар, 
тамұқ, иман, уәжіп, парыз, сүннет т.б.)
мен дін иелерінің 
(зүлжалал, абыз, 
бақсы, пір, хақ, Ібіліс, пірадар, сопы, сахаба, мүрит, шахарияр т.б.)
аттары 
құрайды. Сондай-ақ, бұл қатарда мәдени-рухани дүниелерге қатысы бар 
атаулардан тұрады. Араб-парсы сөздерінің аз-көп қолданылуы автордың 
сауаттылығына байланысты болды. Нұртуған мен Ерімбет − мұсылманша 
сауатты болған адамдар. Ал мұсылманша хат танығандардың араб-парсы 
тілдерінен азды-көпті хабары болатыны даусыз. Сондықтан бұлардың 
қаламынан шыққан дүниелерде шет тілдік элементтердің, оның ішінде 
жалпыхалықтық сөйлеу тіліне енгендерден өзге сөздердің ұшырауы заңды. 
Ақындардың шығармаларының басым көпшілігінде тек қана дінге қатысты 
пейіш, тамұқ, зекет, жаббар, құбыла, мүһмин, иман, құда, ахирет, тәкбир, 
сират, шайтан, махшар күні, құдайдың пәрмәні, раббы, пір, сүннет, парыз, 
уәжіп, хатим қылу 
деген «діни» атаулар қолданылады. 
Осылардың бірі «жаббар» сөзі. Сөздіктерге сүйенсек, қазір көне аталым 
қатарындағы 
жаббар 
сөзінің – 
1) алып, құдіретті, ие, қожа; 2) діни. құдайдың 
бір аты; 3) балуан, батыр; 4) мейірімсіздік, қаһарлы, қатал 
[70] деген төрт 
түрлі мағынасы берілген.
 
Ол араб тілінде 
жаббарун
(могучественный, могучий; 
гигантская сила; жестокий, немилосердный; великан, гигант, богатыр) 
құдіретті, аса күшті рақымсыз, мейірімсіз, алып, үлкен батыр
[71,1 42 б.] 
дегенді білдіреді. Мысалы, 
Нұртуғанның «Әуелі сөйле, тілім, жаббар хақтан!» 
деген толғауында мынадай жолдар бар: Әуелі сөйле тілім 
жаббар 
хақтан, Сөз 
шығар қиял мен ой, тіл мен жақтан
[Н.К.Іт]. 
Мұндағы діни ұғымды білдіретін 
«жаббар» сөзі Ерімбеттің «Әбу Шашма» дастанында да кездеседі: Сол уақта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет