56
Н. Оңдасыновтың сөздігінде,
зүлзалал:
1)
ұлылық иесі (діни. құдайдың көп
аттарының бірі, Алланың теңеуі), құдірет, дүниенің тірегі, жасаған;
2) патшам (патшаға айтатын мәртебелік сөз)
[70] деп көрсетілген. Бұл екі
түбірден құралған араб сөзі:
заулун
(привидение, дух) көзге елестеу, әулие,
аруақ;
жалалун
(быть великим, величественным, славным, могущественным)
ұлы, даңқты, құдіретті болу
[71, 162-424 бб.] дегенді білдіреді.
Нұртуғанның «Дертімнің «құлым» десең дауасын сал»
деген өлеңінде
мынадай жолдары кездеседі:
Сүйендім жалғыз Алла, өзіңе адал, Шипа бер
кеселіме, сен,
зүлзалал.
Басқаға бір өзіңнен сиынбаймын, Дертімнің «құлым»
десең дауасын сал?!
[Н.К.ІІт]. «
Зүлзалал»
сөзі Ерімбет шығармашылығында
жиі қолданылатын сөздердің қатарында:
Сабыр бер сондай
зүлзалал,
Мына
ғаріп маған да. Інісі Жүсіп нәбиге Ағалары қас болғанда
[Е.К]
.
Бұл үзіндідегі
«зүлзалал»
жасаған, құдірет
деген өзек мағынасында
қолданылып тұр. Бұл сөз кейінгі ақындардардың
діни ұғымда жазған кейбір
шығармаларында да кездесіп қалады.
Қазіргі тіліміздегі
кәпір
сөзін бұрын
кеуір
деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: