Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет94/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   393
«текдар», «үмітдар», 
«тілуар»
көнерген аталымдары кездеседі. Мысалы, 
Қолда барды аяған Сендей 
текдар 
тұқымнан – Құдай алдында зор ұят 
[Н.К.Іт].
Өлгенше қашып, 
ұмтылар, Оқ тисе құстың порасы. Аз ғана оттап, көп жусар, Жылқының 
текдар, 
сарасы
[Е.К.]. 
Тілуар,
көпті көрген, әй, данышпан, Хабар ал бұл 
камилден жазған хаттан!
[Е.К.]. 
Тілші ғалым Е. Жанпейісов М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында 
кездесетін «дегдар» сөзінің мағынасын былай ашады: «-
дег-дар, дег//тег//тек;
дар
– түрік тілінде сын есім жасайтын жұрнақ, яғни ол қазақ тіліндегі -ды (мал-
ды) қосымшасына сәйкес келеді. Дегдар сөйтіп текті деген сөз» [114, 72 б.]. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұл сөздің екі мағынасы көрсетілген:
1) сын. асыл тұқымды, текті; 2) сын. бей-жай, делдал»
[23, 93 б.]. Бұл екі 
еңбекте 
текдар
сөзіне 
текті
деген ортақ мағына берілген. 
Текдар
сөзі 


80 
көнерген аталымдар (архаизмдер) қатарынан орын алғанда оның қазіргі тілдегі 
текті, асыл
сөздері синонимі болады деп тұжырымдауға болады. Осы сияқты 
тілуар/сөзшең, үмітдар/үмітті
аталымдары да осы 
текдар
сөзінің 
жасалуымен ұқсас. 
Бұл тәсіл арқылы тілімізде бұрыннан бар кейбір сөздердің қоғамдық 
өзгерістер нәтижесінде мағыналық аясынының кеңейіп, қоғамдық қызметінің 
күшейгенін байқаймыз. 
Синтетикалық тәсіл
арқылы жасалған туында түбірлердің құрамындағы 
морфемалардың әрқайсысының орны бар, негізгі морфема бірінші орында 
тұрады, көмекші морфема яғни жұрнақ екінші орында, негізгі морфема 
лексикалық бірліктің соңында тұрады. Туынды түбірдің құрамындағы 
морфемалардың орны тұрақты. 
Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір морфемаларда 
кездеседі. Зерттеу жұмысындағы ақындар шығармаларының тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет