Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


сәлемнама  көнерген күрделі аталымдардағы  нама − хат деген ұғымды білдіретін көнерген  сөз. Ол  сәлем



Pdf көрінісі
бет96/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   393
сәлемнама 
көнерген күрделі аталымдардағы 
нама − хат
деген ұғымды білдіретін көнерген 
сөз. Ол 
сәлем
 
сөзімен бірігіп 
сәлемнама//сәлемхат
түрінде қолданылған. 
Қазіргі қазақ басылымдарындағы жаңа қолданыстарда да осы сөздің 
сөзжасамдық үлгілері молынан ұшырасады. Мысалы, 
Президент Жолдауы 
жайлы әлеуметтік 
сауалнамада 
жауап берушілердің көбі денсаулық саласын 
даралап көрсеткен. 
Сондай-ақ, Президент үлескерлік тұрғын үй құрылысына қатысты 
заңнамаларды 
жетілдіре түсу керек екенін айтты 
[112, 3 б.]. 
Сонымен қатар, қаламгер мерейтойы қарсаңында тағы бір жаңа кітап – 
«Зейнолланама»
 жинағы оқырман көпшілікке жол тартты
[115, 2 б.]. 
Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, 
жалпы мағыналары да бар. Келтірілген мысалдардағы 
-нама 
жұрнағының 
мағынасы заттық ұғыммен байланысты. 
Осымен байланысты жұрнақтар сөз таптарына телулі болады. Әр сөз 
табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды 
түбір жасайды. Мысалы, 
сәлемнама, сауалнама, Зейнолланама, заңнама
зат 
есімдердің сөзжасамдық жұрнағы туынды түбір зат есімдерді жасайды. Бұл 
үдеріске байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. 
«Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады» 
[50, 205 б.]. 
Аналитикалық тәсіл
– тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді 
көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Сөзжасамның 
аналитикалық тәсілі синтетикалық тәсілден өзінің сөзжасамдық бірліктері 
арқылы ерекшеленеді. Егер синтетикалық тәсілдерде туынды сөз жасауға 
лексикалық бірлік пен жұрнақ қатысатын болса, аналитикалық тәсілде жұрнақ 
қатыспайды, тек екі я онан да көп лексикалық бірліктер ғана сөз жасаушы тұлға 
қызметін атқарады. Аналитикалық тәсілде екі (я онан да көп) сөз бір-бірімен 
тіркесіп те, бірігіп те, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. 
Ғалым Н. Оралбаева: «Бір сөз бен екінші сөзді тіркестіріп, номинация 
жасау – тіліміздегі өнімді тәсілдердің бірі», − дейді [35, 64 б.]. Ғалым 
айтқандай, бұл тәсіл ақындар шығармаларында да ең белсенді тәсіл болып 
қолданылады. 
«Қазақ тіл білімінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет