115
Нұртуған мен Ерімбет ақын шығармалары лексикасындағы көнерген
аталымдардың көп қабатын кірме сөздер құрайды. Мәселен, араб-парсы
тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің сөздік құрамын сан жағынан ғана
байытып қоймаған, оның лексикасын түр-тұрпатын, мән-мағына жағынан да
кеңейтіп кемелдендірген.
Метафора
қызметін ұлттық танымдық болмысымен байланыстыра саралау
мүмкіндігі мол. Метафораның адам ойын қалыптастырушылық қабілетінің
ғылым тілінің дамуына тигізер әсерін И.С. Мұратбаева былай деп көрсетеді:
«Белгісізден белгілінің бір таныс жақтарын, сипатын табу ғылым прогресінің
дамуына күш-қуат береді. Сонымен бірге, ғылымның дамуында ұқсастықтар
мен айырмашылықтарды айқындау танымның дамуына да себепкер болады»
[143, 14 б.]. Ғылымның дамуы жалпы адам танымының дамуына жағдай
жасайды. Бұл үрдістерде метафора ең маңызды қызметке ие болады.
Имандылық қағидасы – ақындар өлеңінің түп қазығы. Бұл тақырыпта
Ерімбет шығармаларының ішінде ерекшесі – «Ей, Алла, сүйген құлың
қатарында ет!» өлеңінде «иманды, қанағатшыл бол» деген құрғақ насихат жоқ,
сол ұғымның терең мағыналарын бейнелі сөздер арқылы шынайы жеткізе
білген.
Достарыңызбен бөлісу: