қатім, уағызбен ғана қалатын болған
(І. Жансүгіров). Қатім құран шығарып, пидия алдың, Жұрт алдында тарттырам
саған саза
(К. Әзірбаев). Сылдыраған қыз лебізіне қарлыққан жуан қоңыр
дауыспен жауап қату да құран
хатіміне күпіршілік келтіргендік сияқтанды
(Х. Есенжанов). Олар үйінен өлік шыққандарды аңдып, «жаназа»,
«хатім», «фидия» деп өліктен пайда тапқандар
(Ж. Арыстанов). Һ Һәм − және, тағы. Парсы тілінде
һам –
сондай, тағы дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1959, 739). Өзі жалғыз,
һәм жаяу, Қылыштан басқа қару жоқ Бұл
ноғайдың ерінің
(Нұртуған). Атымды айтқанменен кім біледі, Назымшы
һәм жазушы бин Көлдейбек!
(Ерімбет). «Тағыма өзім өлсем осы ие» деп, Төрелік,
қадап басқа
һәм жығасын
(Нұртуған). Күнде думан құраған, Көруге жүзін
көрікті, Көп жинаған аламан, Қаракөз сұлу
һәм кетті!
(Нұртуған) . Өтті жылдар,
һәм күндер, Қайда Мамай, ер Орақ Сәлемге келген бұл кімдер?!
(Нұртуған). Көрмейік, жалғаншымыз, таңда дидар,
Һәм мұнда тартылмасын ғиззат табақ!
248
(Ерімбет). Мал, дүние, бар сияқты бала-шағаң, Өзіңізге жетерліктей
һәм даражаң
(Нұртуған). Апуза, Назкен, Үміттің, Өзипа, Бибі, Назымның, Өздері
сұлу,
һәм ақын
(Нұртуған). Оларға да сәлеметшілік тілеп