Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік – есеп 12 күн
Білім алушы:Жубанова Б
Күні:7.12.2023ж
Р/c №
|
Кәсіптік
бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1.
|
Тәжірибеміздің 12 ші күні тікелей жетекшіміз қатысымызды тексеріп, әр түрлі тапсырмалар берді.
|
8:30
|
09.00
|
|
2.
|
ЖРВИ бөлімінің ем шара бөлмесін қорытынды жинастыруға қатыстым.
|
09.00
|
10.00
|
|
3
|
БАБЖ бағдарламасы бойынша диареяны емдеу
|
10.
|
12.30
|
|
4
|
Бүгінгі күнді қорытындылап,тікелей жетекшімізге жиналып баяндама жасадық.
|
12.30
|
13.00
|
|
Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
БАБЖ бағдарламасы бойынша диареяны емдеу
Анасына емдеудің 4 ережесін түсіндіріңіз
1. СҰЙЫҚТЫҚТЫ МОЛ БЕРУ,
2. МЫРЫШ ПРЕПАРАТТАРЫН БЕРУ,
3. ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ,
4. ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА АУРУХАНАҒА ҚАЙТА ҚАРАЛУ КЕРЕКТІГІН БІЛУ.
1. Қосымша сұйықты мол беру (бала қанша іші алса)
АНАСЫНА ҰСЫНДым;
- Жиі емізуді және әр емізудің ұзақтығын арттыруды
- Егер бала тек емшек сүтін еметін болса, емшек сүтіне қосымша ОРТ ерітіндісін немесе таза су беруді
- Егер бала аралас немесе жасанды тамақтандыруда болса, келесі сұйықтықтарды беріңіз: ОРТ ерітіндісін, сұйық тамақ (мысалы, сорпа, күріш қайнатпасы, негізгі айраннан тұратын сусында), немесе таза су.
Мына жағдайларда ОРТ ерітіндісін үйде берген өте маңызды:
-баланы осыған дейін медициналық мекемеде Б немесе В жоспары бойынша емдесе,
-бала жағдайы нашарлағанда ауруханаға қайта келе алмайтын болса
АНАСЫНА ОРТ ЕРІТІНДІСІН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ БЕРУ КЕРЕК ЕКЕНІН ҮЙРЕТІҢІЗ, 2 ОРТ ҚАЛТАШАСЫН ҮЙДЕ ҚОЛДАНУҒА БЕРІҢІЗ. АНАСЫНА ӘДЕТТЕГІ КӨЛЕМНЕН КӨБІРЕК ҚАНША ҚОСЫМША СҰЙЫҚТЫҚ БЕРУ КЕРЕК ЕКЕНІН ТҮСІНДІРІҢІЗ.
Жасы 2 жасқа дейін: әрбір сұйық нәжістен кейін 50-100мл
Жасы 2 жас және одан асқан: әрбір сұйық нәжістен кейін 100-200мл
Анасына кеңес беріңіз:
-балаға сұйықтықтарды кеседен жиі, ұрттатып ішкізу немесе шай қасықпен беру.
-егер бала құсса, 10 минут үзіліс жасап, сонан соң жалғастыру, бірақ баяу беру.
2. Мырыш препаратын ауыз арқылы беріңіз.
АНАСЫНА МЫРЫШ ПРЕПАРАТТАРЫН ҚАНДАЙ МӨЛШЕРДЕ БЕРУ КЕРЕКТІГІН ТҮСІНДІРІҢІЗ:
Жасы 6 айға дейінгі балаларға: тәулігіне ½ таблетка (10мг) 10-14 күн бойы,
Жасы 6 айдан асқандарға тәулігіне: 1 таблетка (20мг) 10-14 күн бойы.
АНАСЫНА МЫРЫШ ПРЕПАРАТТАРЫН ҚАЛАЙ БЕРУ КЕРЕКТІГІН КӨРСЕТІҢІЗ:
- нәрестелерге: таблетканы аздаған таза суда, сауылған сүтте немесе ОРТ-да қасыққа салып ерітіңіз;
- ересек балаларға таблетканы шайнап жегізуге таза суға қасыққа ерітіп беруге болады.
АНАСЫНА БАЛАНЫҢ МЫРЫШ ПРЕПАРАТТАРЫН КУРС ТОЛЫҚ БІТКЕНШЕ (10-14 КҮН БОЙЫ) ҚАБЫЛДАУ КЕРЕКТІГІН ТҮСІНДІРІҢІЗ.
Достарыңызбен бөлісу: |