Өтетін орны: №2 Атырау облыстық ауруханасы Өту мерзімі


Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі күтім



бет17/31
Дата25.12.2023
өлшемі161,29 Kb.
#143276
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Педиатрия Жубанова упп (1) (1)

Ас қорыту жүйесі аурулары кезіндегі күтім


Стоматит


Стоматитпен ауырған баланы сау балалардан оңашалау керек.Балаларға бөлек ыдыс, ойыншықтар бөлу.Баланың тамағы құнарлы, барлық керекті заттар мен витаминдері мол болуы керек. Тамақ жылы, жұмсақ болуы керек. Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды.Тамақ ішкізердің алдында ауыруын басу үшін шырышты қабығына 2-5%-ті анестезен ерітіндісін жағуға болады.Ауызды әлсіз марганцовка, фурациллин, сутегі асқын тотығы ерітінділерімен, 1-2%-ті трипсин, панкреатин ерітінділерімен шайып, 0,25%-ті оксалин, 5%-ті метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған метилурацил, пентоксил беріледі.Симптоматикалық ем –қызуға қарсы, теріге шыққан күлдіріктерді емдеу т.б.


Ауыздың уылуы /молочница/.

1.2%-ті ас содасының, 1%-ті метилен көк, 100%-ті қант сиропымен баланың аузын тазалау керек.
2.Балаға саңырауқұлаұтарға қарсы антибиотиктер-нистатин, леворин беру.
Алдын алуы:
1. Аналар мен медицина қызметкерінің гигиеналық тәртіпті мұқият сақтауы.
2. Шөлмектер, емізіктер, емшектің ұшын, ойыншықтарды таза сақтау.
3. Стоматит болған балаларды уақтысында анықтап оңашалау, эпидемияға қарсы шараларды өткізу – ыдыс-аяқ, ойыншықтарды қайнату, бөлменің ішін 1-2%-ті хлораминмен жуу, үйдің ішін 2 рет 20-30 минут ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, жиі желдету.
4. Балаларды шынықтыру.
5. Антибиотиктерді бақылап беру.
Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.


Емі және күтімі:

1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.
2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.
3.Гельминттерге қарсы дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.
4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.

Алдын алуы:

1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.
2. Шыбындармен күресу.
3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.
4. Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.
5. Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.


Гастрит
1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту).
2. Ішектегі тазалау (тазалау клизмасы)
3. Төсек режимі (1-3 күнге)
4.Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)
5.Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия).
6. №1 диетаға ауыстырады. Қалыпта тамақтануға көшіру 1-2 аптаға созылуы тиіс.
Білім алушының қолы: Жубанова Б________
Кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі: Альмуханова З:Т
Білім алушы мадақтамалары мен жазалары:
Кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы:
"Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін өндірістік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет