ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 125
2 жастағы балалар арасында вирусты гепатит «А» ауруына қарсы екпе егудің 2019 жылғы 2-
реттік егу жағдайының көрсеткіштері бойынша 37125 абсолюттік жағдайында екпе жүргізіліп, екпе
көрсеткіші - 99,9% құрады, ал 2020 жылы 2 - реттік егу жағдайының көрсеткіштері бойынша 39006
абсолюттік жағдайында екпе жүргізіліп, екпе көрсеткіші- 99,9% құрады.
Шымкент қаласында 2019 жылы «А» вирусты гепатитімен тіркелген мектеп жасындағы балалар
арасында 2 жағдайында «А» вирусты гепатитіне 2 реттік егуін алған. 7 баланың ата- анасы егуден
бас тартқан, 2 балаға шегеру берілді, ал 2020 жылы вирусты гепатит «А» ауруымен тіркелеген
мектеп жасындағы балалар арасында 1 жағдайында «А» вирусты гепатитіне 2 реттік егуін алған, 4
баланың ата- анасы егуден бас тартқан, 1 балаға медициналық шегеру бірілген.
Бүгінгі күні, екпе егу- вирусты А гепатитінің алдын алудағы ең тиімді іс- шара. Кез келген
профилактикалық іс-шараның, соның ішінде иммунопрофилактиканың тиімділігі белгіленген
шектерде жанама әсерлер болмаған кезде осы шараны жүзеге асыру арқылы қажетті нәтижеге қол
жеткізу дәрежесі болып табылады.
Вакциналардың алдын алудың экономикалық шығындары қолданылатын препаратқа, егу
кестесіне, емделетін контингенттерге, жалпы вакцинация тактикасына және басқаларға байланысты
айтарлықтай өзгереді. Тиісінше, иммундаудың экономикалық тиімділігін бағалау вакцинация
параметрлерінің шығын/пайда қатынасы бойынша оңтайлысын анықтау үшін өте маңызды.
Вакциналардың алдын алудың экономикалық тиімділігі іс-шараны іс жүзінде жүзеге асырудан
ақша бірлігінде көрсетілген оң үлес болып табылады. Иммунопрофилактика – өте қымбатқа түсетін
іс, ол мемлекеттік қомақты материалдық ресурстарды қажет етеді. Дегенмен, адам ауруынан келетін
зияннан, иммундау арқылы алдын алуға болатын аурулар он есе көп. Бұл вакцинаның алдын алудың
жоғары экономикалық тиімділігін көрсетеді.