5. Әдебиеттер: Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс: дәрістік топтама: оқу құралы / Ж. С. Төлебаев [ж. б.]. - Алматы : Эверо, 2012. – 200 экз.
6.Бақылау сұрақтары(кері байланыс): 1.Кадрлық дисбаланстың қандай заманауи мәселелерін сіз білесіз?
2.Денсаулық сақтаудағы кадрлық саясат дегеніміз не?
6.1.Тақырып: Амбулатория –емханалық және стационарлық қызметтегі әкімшілік үрдіс.
2.Мақсаты: Амбулатория –емханалық және стационарлық қызметтегі әкімшілік үрдісті оқып үйрену.
3.Дәріс тезисі: Қазақстандағы денсаулық сақтау – тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиесілігі мен сапалығы, уақыттылығы, қолжетімділігін қамтамасыз етілуін, бірыңғай әлеуметтік-бағытталған жүйесі болу керек.
БДҰ (ВОЗ) анықтамасы бойынша Денсаулық – аурулардың жоқтығы ғана емес, жағдайдың физикалық, рухани және әлеуметтік қолайлылығы.
БДҰ-ң Еуропалық саясаты бойынша «Денсаулық-21», адамның әрбір кезеңіне денсаулығы әсер етеді және барлығының денсаулығының толық потенциалының жетістігіне тырысады. Бұл үшін денсаулық, адамдардың құқығы ретінде, тұрақты экономикалық даму және өмірдің сапасының жоғарылығы, қолайлылығына қажетті жағдаймен анықталады.
Бүкіләлемдік ғылыми-тәжірибелік конференцияда медбикелік істің теориясы бойынша. 1993 ж Голицино қаласында 27.07-14.08 күндері өткізіліп, медбикелік істің түсінігі мен жаңа терминдері енгізіліп, оның біреуі денсаулық болып саналады.
Денсаулық - өмір сүруге қоршаған ортаға бейімделудегі тұлғаның динамикалық гармониясы. Адамның денсаулығына ішкі ғана емес сыртқы фактор әсер етіп, денсаулықты нығайтып және нашарлауы (қауіп факторы), салауатты өмір салты да әсер ететіні белгілі. Тұрғындардың денсаулығын қорға барлық медицина қызметкерлерінің кәсіптік борышы болып саналады.
Қоғамдық денсаулық – физикалық және психикалық ақауларға, ауруларға қарамай, адамдардың өмір салтының өнімді денсаулығына арналған жағдайлармен қамтамасыз етуші қоғамның сапалығы, жағдайы. Өмір салтының саулығы – денсаулықты нығайтуға бағытталған өмір салты, адамның іс-әрекеті.
Денсаулықты нығайту және сақтау - өмір сапасын жақсартатын, шынайы жолдарды іздеу және ақпараттандыруды жоғарылату процесі.
Қауіп факторы – аурулардың енуін жоғарылататын факторлар генетикалық (20) қоршаған орта (20), өмір салты (50), медициналық (10).