Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы


Электролиттердің ерекшеліктері: 1.Ерітінділері электр



бет2/7
Дата30.11.2022
өлшемі1,6 Mb.
#53802
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 сабақ

Электролиттердің ерекшеліктері:

1.Ерітінділері электр

тогын жаксы өткізеді.

2.Электролиттердің

концентрациясы бірдей

ерітінділер буының

қысымы төмен, қайнау

температурасы жоғары,

қату температурасы

төмен.

3.Электролит

ерітінділерінің осмос

қысымы жоғары.


Электролит ерітіндісі арқылы тоқ өткізгенде катиондар (-) зарядталған катодқа,
ал аниондар (+) зарядталған анодка қарай жылжиды.

Электролиттік диссоциация теориясы

Электролиттік диссоциация теориясы

Электролиттердің еру немесе балқу процессі электр тогын өткізе алатын зарядталған бөлшектер түзе жүретін процесс. Электролиттік диссоциация ерітіндідегі электролиттер полярлы еріткіштердің әсерінен иондарға ыдырауы. Иондар атомдардан ерекшеленеді.Ерітіндіде иондар ретсіз қозғалады. Тұрақты электр тогы әсерінен электролит ерітіндісіндегі иондар бағытталып қозғалады: катиондар катодқа, аниондар анодқа тартылады.

С. А. Аррениус (1859- 1927)


Қышқылдар диссоциалағанда Н+ катонын түзеді
Негіздер диссоциалағанда ОН- анионын түзеді
Амфолиттер диссоциалағанда Н+ және ОН- иондарын түзеді
Электролиттік диссоциация теориясының қағидалары:
1) Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.
2) Диссоциация полярлы еріткіштің әсерінен жүреді және оның себебі - заттардың гидратациялануы.
3) Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.
4) Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу)
6) Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).
7) Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.
8) Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.
Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тоғын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет