Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы


Осмос. Осмостық және онкотикалық қысым. Вант-Гофф заңы



бет7/7
Дата30.11.2022
өлшемі1,6 Mb.
#53802
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 сабақ

Осмос. Осмостық және онкотикалық қысым. Вант-Гофф заңы.
  • Осмос қысымы ерітілген зат бөлшектерінің тегіне емес, олардың санына тәуелді болады. Вант- Гофф ашқан заң бойынша: электролит емес заттың сұйытылған ерітіндісінің осмос қысымы, сол еріген зат газ күйінде болып, сол температурада ерітіндінің көлеміндей көлем алып тұрғандағы туғызатын қысымына тең
  • Осмостық қысым () – осмосты тоқтату үшін ерітіндіге қажет қысым, яғни, осмос құбылысын туғызатын күш
  • Росм (адам қанының) = const және 370С-та 740 – 780 кПа-ға немесе 7,4-7,8 атм –ға тең
  • Ағзадағы биологиялық сұйықтықтардығы жоғары молекулалық компоненттердің (мысалға ақуыз) осмостық қысымы онкотикалық қысым (2,5 – 4 кПа) деп аталады
  • Бірдей температурада концентрациясы бірдей екі ерітіндінің осмос қысымы да тең болса изотонды ерітінділер 0,9 % NaCl 4,5 – 5 % глюкоза ерітіндісі
  • Росм (ер-ді) > Росм (плазма), ерітінді гипертонды болады
  • Росм (ер-ді) < Росм (плазма), ерітінді гипотонды болады
  • Гемолиз – гипотоникалық ерітіндіде эритроцит жасушаларының ісініп, жарылуы. Плазмолиз – гипертоникалық ерітіндіде жасушаның солуы.

Физиологиялық ерітінділер
  • Берілген температурада сұйылтылған ерітіндінің осмостық қысымы еріген заттың молярлық концентрациясына тура пропорционал.
  • π = R* C(x)* T

  • R – Универсал газ тұрақтысы = 8,31 кПа * л/моль * К немесе 0,083 атм * л/моль *К
  • Т – абсолютті температура по К (СО + 273);
  • С(х) – молярлық концентрация (моль/л) –1 л ерітіндідегі еріген заттың моль саны.

Вант-Гофф заңы:
  • Электролит ерітінділері коллигативтік қасиеттерді сипаттайтын шама мәнінің жоғарылауын береді. Оларға да бейэлектролиттерді есептеудегі сол формулалар мен заңдар қолданылады, бірақ изотоникалық коэффициент ескеріледі.
  • Электролит диссоциациясы бірдей молярлық концентрацияда ерітіндідегі еріген зат (молекула, ион) бөлшектерінің жалпы саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда жоғарылауына әкеледі.
  • Бірдей молярлық концентрацияда электролит ерітіндісіндегі бөлшек саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда неше есе артқанын изотоникалық коэффициент i көрсетеді. Изотоникалық коэффициент электролиттік диссоциацияға тәуелді:
  • i =1-(n-1), - электролиттік диссоциация дәрежесі, n –диссоциация нәтижесінде электролит ыдырағандағы ион саны

Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеті:

Бейэлектролит және электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиетін сипаттайтын заңдардан ерітіндінің изотоникалық коэффициентін қатынас ретінде анықтауға болады:

  • Бейэлектролит және электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиетін сипаттайтын заңдардан ерітіндінің изотоникалық коэффициентін қатынас ретінде анықтауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет