Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері
Осмос және осмос қысымы
Ерітіндінің және еріткіштің бу қысымы
Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарлау немес төмендеу мәні
Ерітіндінің қату температурасының салыстырмалы мәні
Рауль заңы:
Сұйылтылған бейэлектролит ерітіндісінің бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі еріген заттың табиғатына тәуелсіз және ерітіндідегі еріген заттың мольдік үлесіне тең болады.
Ерітіндінің қату температурасының еріткіштің қату температурасына қарағанда салыстырмалы төмендеуі еріген заттың моляльдық концентрациясына тура пропорционал болады:
К – еріткіштің криоскопиялық тұрақтысы, К.кг/моль;
Тқату = Тқату(ер-ді) –Тқату(ер-ш)
Рауль заңынан туындайтын екінші салдар:
Ерітіндінің қайнау температурасының еріткіштің қайнау температурасына қарағанда салыстырмалы жоғарылауы еріген заттың моляльдық концентрациясына тура пропорционал болады:
Тқайнау = Е.в(х),
мұндағы:
в(х) – ерітіндідегі еріген заттың моляльдық концентрациясы, моль/кг;
Шала өткізгіш арқылы бір бағытта жүретін диффузияны осмос дейді (осмос-итеру, басу). Осмос ерітінділердің концентрациялары әр түрлі болса ғана жүреді. Шала өткізгіштен жасалған ыдысқа (осмос ұяшығына) қант ерітіндісін құйып, оны судың ішіне түсірсе, судың молекулалары осмос ұяшығына тез өтеді, кері өтуі баяу болады.