1. Тақырыбы №6: Буынаяқтылардың эпидемиологиялық маңызы. Дезинсекция: тасымалдаушылармен күресу әдістері.
Кеміргіштердің эпидемиологиялық маңызы. Дератизация: анықтамасы, әдістері, кеміргіштермен күресу заттары және түрлері.
Жұқпалы және паразитарлық сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және рөлі.
2. Мақсаты: студенттердің дезинсекция мен дератизацияның әдістемелік және теориялық негіздерін меңгеру, техникалық құралдар мен препараттарды қолдану әдістерін, эпидемиялық ошақтарды жоюда және алдын алуда әртүрлі эпидемиологиялық маңызды объектілерде дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру; жұқпалы және паразитарлық сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Тапсырма:
Әртүрлі инфекцияларда эпидемияға қарсы шаралар жүйесінде дезинсекцияның мәнін оқып білу.
Дезинсекцияның әдістері мен тәсілдерін оқып білу.
Дезинсекция сапасын бағалау әдістрін оқып білу.
Деразитация заттары және негізгі әдістерін оқып білу.
Дератизацияның негізгі тәсілдерін оқып білу.
Кеміргіштердің орналасу жағдайын, олармен күресте дератизациялық шаралар туралы оқып білу.
Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құрастырған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.