1. Тақырыбы №4: Дәрігер учаскесіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы жұмыс. Табиғи ошақтардың қалыптасу факторы мен жағдайы.
Қоздырғыштың қорына (инфекция қоздырғышының көзі) бағытталған шаралар: клиникалық-диагностикалық, оңашалау, антропоноздардағы емдеу және тәртіпті-шектеу шаралары.
2. Мақсаты: студенттердің алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар негіздерін, практикалық эпидемиология принциптерін, табиғи ошақтың қалыптасуына ықпал ететін жағдайлар, қоздырғыштың қорына (инфекция қоздырғышының көзі) бағытталған шаралар: клиникалық-диагностикалық, оңашалау, антропоноздардағы емдеу және тәртіпті-шектеу шаралары туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Тапсырма:
эпидемияға қарсы шаралар;
алдын алу шаралары;
инфекция ошағындағы негізгі эпидемияға қарсы шаралар;
инфекция көзіне бағытталған шаралар;
инфекцияның берілу жолдарына бағытталған шаралар;
қабылдағыш ағзаға бағытталған шаралар;
ошақтағы эпидемияға қарсы жұмыстардың алгоритмін оқып білу;
эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, ошақта эпидемиологиялық зерттеу құрылымы бойынша студенттің құрастырған нақты есебін шешу.
4. Орындау түрі:
Реферат дайындау
Тестік сұрақтар құру
Алгоритмдер.
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу