Жағдайлық есеп Жалпы білім бері мектеп-интернатта этиологиясы анықталмаған ішек инфекциясының эпидемиялық бұрқ етпесі болды. Мектеп асханасын 2 аптадан бері жөндеу жүргізілуде. Тамақты қалалық мектеп тағам комбинатынан әкелінеді.Комбинат бірнеше мектептерді және мамандандырылған техникалық училищені де тағамдармен қамтамасыз етеді, бұнда да ауырғандар анықталған.
1. Ұжымдарда оқушыларда жұқпалы аурулардың пайда болуына комбинатта қандай тағамдық бұзылыстар әкелді.?
2. Эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрыңыз.
1. Тақырыбы №5:Алғаш анықталған және қайта оралған жұқпалы аурулар.
Әр түрлі топ инфекцияларындағы дезинфекцияның ерекшеліктері.
Дезинфекцияның әдістері: механикалық, физикалық, химиялық. Дезинфекциялық заттар ретінде қолданылатын химиялық заттардың негізгі топтары. Камералық дезинфекция. Камералық дезинфекцияның сапасын бақылау. Стерилизация ұйымдастырылуы.Стерилизацияның тиімділігін бақылау әдістері. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі дезинфекция және стерилизация.
2. Мақсаты: Студенттердің алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар негіздерін, практикалық эпидемиология принциптерін, табиғи ошақтың қалыптасуына ықпал ететін жағдайлардың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. Дезинфекцияның әдістемелік және теориялық негіздерін меңгеру, техникалық құралдар мен препараттарды қолдану әдістерін, эпидемиялық ошақтарды жоюда және алдын алуда әртүрлі эпидемиологиялық маңызды объектілерде дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру. Стерилизация әдістерін меңгеру, оларды жүргізу және сапасын тексеруді меңгеру.
3. Тапсырма:
Дезинфекция әдістері мен тәсілдерін оқып білу.
Нақты бір дезинфекциялық затты регламенттейтін құжаттарды оқып білу.
Стерилизацияның әдістері мен тәсілдерін оқып білу.