ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет50/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Жағдайлық есеп
М. қаласының бір бала-бақшасында балалардың және персоналдың энтеробиозға жоспарлы тексеруі жүргізілді. Бала-бақшада 28 баладан тұратын 3 топ және 12 адам персонал бар. Кіші топта острица жұмыртқалары 15 балада анықталған; орта топта 8 балада анықталған, ересек топта 4 балада анықталған. Кіші топта жұмыс атқаратын көмекшіде острица жұмыртқалары анықталған
Қоршаған ортаның гельминт жұмыртқаларымен залалдану дәрежесін анықтау үшін балалар және персонал қолдарынан, стол, ыдыс-аяқ, сүлгі, ойыншықтар, есік тұтқаларынан және т.б. смыв алынды. Нәтижесінде кіші топта острица жұмыртқалары 35 смывтан 6, оның ішінде 2- баланың және көмекшінің қолынан, 4 – есік тұтқасынан, тәрелке, стол және горшок тұтқасынан анықталған. Орта топта энтеробиоз қоздырғыш жұмыртқаларымен есіктің тұтқаларында анықталған .
Энтеробиоз эпидемиологиясының ерекшеліктерін есепке ала отырып, жағдайды бағалап және балалар ұйымындағы инвазияның жоғарлауының мүмкін себептерін атаңыз.
Балалар ұйымындағы энтеробиозбен күреске бағытталған шараларды атаңыз.


1. Тақырыбы №24: Биогельминтоздардың ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі: тениоз, тениаринхоз, трихинеллез, эхинококкоз, альвеококкоз, описторхоз, дифиллоботриоз. Биогельминтоздар ошағында алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар.
Филяридоздарға жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.2. Мақсаты: студенттерге биогельминтоздардың эпидемиологиясының теориялық негіздер білімдерін қалыптастыру; дұрыс эпидемиологиялық анамнез жинауды, ошақтағы қатынаста болғандарды ажыратуға, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын белгілеуге үйрету.
3. Тапсырма:

  • Биогельминтоздардың, филяридоздардың анықтамасы

  • Биогельминтоздардың, филяридоздардың этиологиясы және берілу механизмдер мен жолдардын ажыратумен эпидемиологиясы

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Биогельминтоздардың, филяридоздардың эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет