ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет51/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
4. Орындау түрі:

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 24-25 апта

7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
8. Бақылау (тесттер):
1. Описторхоз қоздырғышының көзі болып табылады:
А) науқас адамдар.
Б) иттер.
В) мысықтар.
Г) жабайы балыққоректі жануарлар.
Д) барлық аталғандар.
2 Описторхоз диагностикасында лабораториялық әдістер қолданылады:
А) нәжістің овоскопиялық зерттеуі.
Б) дуоденальды сұйықтықты овоскопиялық зерттеуі.
В) РНИФ.
Г) ТЕГАР.
Д) барлық аталған әдістер.
3. Адамның тениаринхозбен залалдануы … жүреді.
А) бұқа таспа жұмыртқасының ішекке түскенде.
Б) цистицерктер (финндар) бар жартылай шикі сиыр етін жегенде
В) бұқа таспа жетілген члениктерінің ағзаға түскенде
Г) бұқа таспа сколекстің ағзаға түскенде
Д) ашық көзден онкосфералармен залалданған суды ішкенде
4. Шошқа таспасынан бұқа таспасы ... морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді.
А) шошқа таспасында члениктер саны аз
Б) члениктердің кіші өлшемді болуы.
В) жетілген члениктерде жатырдың шеткі бөлімдерінің аз саны
Г) члениктері қозғалмайды
Д) басында 32 ілгіштері бар.
5. Тениоз бен цистицеркоз қоздырғыштарының көзі болып табылады:
А) науқас адамдар.
Б) үй шошқалары.
В) ірі қара мал.
Г) қабандар.
Д) иттер, мысықтар.
6. Тениоз кезінде негізгі эпидемияға қарсы және алдын алу шараларына жатады:
А) адамға дегельминтизация жүргізу.
Б) шошқаларға дегельминтизация жүргізу.
В) шошқа фермаларында санитарлы-ветеринарлы бақылау жүргізу
Г) ірі қар мал фермаларында санитарлы-ветеринарлы бақылау жүргізу
Д) ірі қара мал қасап пункттарына бақылау жүргізу.
7. …. дифиллоботриозбен залалдану себебі болып табылады.
А) кең лантецпен залалданған балық
Б) залалданған шаяндар
В) жұмыртқалармен залалданған су
Г) жұмыртқалармен залалданған тұрмыстық заттар
Д) шошқа және ірі қара мал еті
8. Адамаға ең патогенді болып трихинеллалардың келесі түрлері болып табылады:
А) Trichinella spiralis.
Б) T.nafiva.
В) T. pseudospiralis.
Г) T.britovi.
Д) T.nelsoni.
9. Трихинеллалардың өмірлік циклының қандай ерекшеліктері осы биогельминтозды сипаттайды
А) соңғы қожайыны тек адам болып табылады
Б) аралық қожайыны тек жануар болып табылады
В) бір ағза (адам немесе жануар) аралық және соңғы қожайын болып табылады.
Г) паразит жас және жынысты жетілген түрлерінде болады.
Д) Трихинеллалар – тірі туылатын гельминттер.
10. Аталған сипаттамалардан трихинеллездің эпидемиялық үдеріс ерекшеліктерін көрсетіңіз
А) адам қоздырғыш көзі болмайды.
Б) ауру табиғи-ошақты инвазияларға жатқызылады
В) инвазия қоздырғышының көзі үй, жабайы және малшаруашылық жануарлары болып табылады.
Г) инвазия көзі – адам.
Д) антропургиялық және табиғи ошақтар үй мен жабайы жануарлар арасындағы тағамдық байланыстармен қалыптасады.
11. Адамдардың трихинеллезбен залалдануын алдын алудағы негізгі бағыттарына жатады:
А) шошқа фермаларына қатаң ветеринарлық бақылау жүргізу.
Б) шошқа етіне визуальды бақылау жүргізу.
В) шошқа және жабайы жануарлар еттеріне визуальды және лабораторлы бақылау жүргізу
Г) бұзылған шошқа етін техникалық утилизациялау.
Д) басқа жерлерден әкелінген шикі еттерге сертификация жүргізу.
12. Не себепті эхинококкоздар табиғи-ошақты және табиғи-антропургиялық биогельминтоздар болып есептеледі
А) қоздырғыш резервуары жабайы жануарлар болып табылады
Б) қоздырғыш резервуары жабайы және ауылшаруашылық жануарлар болып табылады.
В) қоздырғыш резервуары адам болып табылады
Г) қоздырғыш резервуары қоршаған орта объектілері болып табылады
Д) қоздырғыш резервуары малшаруашылығының өнімдері болып табылады
13. Аталған аймақтың кайсысы альвеококкоз бойынша эндемиялық болып табылады?
А) РФ Сібірі.
Б) Орталық Европа.
В) Африка.
Г) Северные районы АҚШ және Канаданың солтүстік аймақтары.
Д) Жапонияның солтүстік аралдары.
14. Эхинококкоздардағы маңызды алдын алу шараларына жатады
А) иттердің залалдануын алдын алу
Б) санитарлы ағарту
В) сыртқы орта объектілеріне санитарлы-гельминтологиялық мониторинг жүргізу
Г) қауіп контингентіне уақытылы лабораторлы-инструментальды зерттеу жүргізу
Д) ауру адам және жануарларды емдеу
15. Филярии … мекендейді
А) қантамыр жүйесінде.
Б) лимфатикалық жүйесінде.
В) терінің беткей қабаттарында.
Г) бұйрек пен жыныс мүшелерінде.
Д) көру мүшелерінде.
16. Филярий тасымалдаушылары…болып табылады
А) кенелер.
Б) масалар.
В) шіркейлер.
Г) мокрецалар.
17. Wuchereria bancrofti u malayi штаммдарына қандай ерекшеліктер тән?
А) 2 түрлі – табиғаттық субпериодикалық штаммдардың болуы.
Б) тек түнде ғана айналымда болуы (кезекті штамм).
В) күндіз немесе ерте таңда айналымда болу (субпериодты).
Г) тірі микрофилярийлерді туу мүмкіндігі.
Д)әр түрлі буынаяқтылардың ағзаларында паразиттену
18. Вухерериоз бен бругиоз қоздырғыштарының көзі мен тасымалдаушылары ... болып табылады.
А) тек науқас адам және паразиттасымалдаушысы.
Б) маймылдардың кейбір түрлері, мысықтар, иттер.
В) масалар тасымалдаушылар.
Г) шіркейлер тасымалдаушылар.
Д) тасымалдаушылар слепеньдер, көзі – шошқалар.
19. Филяриидоздар тіркеледі …
А) Оңтүстік-Шығыс Азияда.
Б) Орталық және Оңтүстік Америкада.
В) Тынық және Үнді мұхиттардың аралдарында.
Г) Кавказдың субтропикалық аудандарында.
Д) Африканың орманды тропикалық елдерінде.
20. Вухерериоз бен бругиоздың клиникалық белгілеріне жатады:
А) пілділіктің дамуы.
Б) ақшыл сүтті түсте зәрдің өзгеруі (күндіз).
В) зәрдің қызыл түсте болуы (түнде немесе кешке).
Г) ума салмағының артуы.
Д) лимфобездердің ұлғаюы.
21. Филяриидоздардың диагностикасы ... негізделеді.
А) микрофилярийлердің жуан қан тамшысында табылуы.
Б) қоздырғыштың Романовский бойынша боялған қан жағындыларында табылуы
В) микроскопия әдісі бойынша зәрді зерттеу
Г) тері ішілік аллергиялық сынама
Д) АР және КБР антиденелердің табылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет