Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет11/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Классификациясы. Эндогендік пигменттер 3 топқа бөлінеді: гемоглобингендік, яғни гемоглобиннің түрлі туындылары; тирозин алмасуымен байланысты протеингендік, немесе тирозингендік, және майлар алмасқанда түзілетін -липидгендік.
Тромбоз - (грекше: thrombosis - ұю) - қанның тірі организмнің тамырларында немесе жүрек куыстарында ұюы. Ұйыған канның жентегі тромб деп аталады.
Лимфа ұйыса, оны да тромбоз деп, лимфалық тамырдағы жентек те тромб деп аталады. Дегенмен, лимфалық тромбоз бен қанның тромбозының даму зандылықтарында айырмашылық бар.
Бүгінгі ұғым бойынша, қанның ұю үдерісі төрт кезеңнен өтеді:
I - протромбокиназа + жандандырғыштар тромбокиназа (белсенді тромбопластин);
I I - протромбин + Са2 + тромбокиназа тромбин;
I II - фибриноген + тромбин фибрин-мономер;
I V- фибрин-мономер + фибринді жандандыратын фактор фибрин-полимер.
Эмболия (грекше: em-ballien - ішне қарай тастау) кезінде қанайналымында қалыпты жағдайда болмайтын бөлшектер пайда болып, қан тамырын бітейді. Бұл бөлшектер эмбол деп аталады. Қаннын ағысына сәйкес (ортоградты эмболия) жылжыған эмболдың үш бағыты бар: 1) үлкен қанайналымы шеңбері мен жүректің оң жақ бөлімі арқылы кіші қанайналымының тамырына барады. Мысалы, жоғарғы немесе төменгі қуыс венадағы эмбол өкпелік артерияға; 2) жүректің сол жақ бөліміндегі, қолқа мен ірі артериялардағы, кейде өкпенің веналарындағы эмбол жүрек, ми, бүйрек, талақ, ішек, аяқ-қол немесе басқа да мүшелердің артерияларына өтеді; 3) қақпалық вена жүйесіндегі эмбол бауыр қақпасының венасына жылжиды. Дегенмен, эмбол өзінің салмағының әсерінен қан ағысын кері бағытта жылжуы мүмкін (ретроградты эмболия). Мысалы, төменгі куыс венадағы эмбол кері жылжып бүйрек, бауыр, тіпті санның веналарына кетеді. Жүректің құлақшааралық немесе қарыншааралық пердесінде ақау
болса, үлкен қанайналымы веналарындағы эмбол өкпеге өтпей, тікелей артериялық жүйеге өтеді (парадоксты эмболия). Эмболияның бұл түріне эмбол артерия-веналық анастомоз арқылы өткен микроэмболияны да жатқызуға болады.
Эмбол жалғыз немесе өте көп болуы мүмкін. Эмболдың құрылымдық тегіне қарай, эмболия: тромбылы эмболия, майлы, ауалы, газды, тінді (жасушалы), микробты, бөгде денелік түрлерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет