Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет9/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Тастың сыртқы пішіні (бітімі, көлемі, түсі, кесіндісінің құрылысы) өзі қалыптасқан қуыстың, өзектің пішініне, химиялық құрамына, түзілу механизміне қарай, әр түрлі.
Даму механизмі. Тастың түзілу патогенезі күрделі үдеріс; ол жергілікті және жалпы факторларға байланысты.
Жалпы факторларға негізінен зат алмасуы бұзылуының жүре болатын немесе тұқымқуалайтын түрлерін дамытатын себептері жатқызған жөн. Майлар (холестерин), нуклеопротеитер, бірқатар көмірсулар мен минералдар алмасуы бұзылуының ерекше маңызы бар. Мысалы, өт тасты аурудың семіздік және атеросклерозбен, несеп тасты арудың подагра және оқсалатуриямен, т.с.с. байланыстығы көпке белгілі.
Некроз
Некроз (грекше: nekros - өлген, өлі) –организмнің тірі кезінде, оның жасушалары мен тіндерждің тіршілік әрекеті толық тоқтап, өлім жойылуы. Даму барысында некроз үдерісі бірқатар сатылардан өтетіндіктен, оның морфогенезі: 1) некрозға ұқсас, бірақ қайтымды өзгерістер –паранекроз; 2) анаболизмнен катаболизм реакциясы басым, қайтымсыз дистрофиялық өзгерістер – некробиоз; 3) даму сәтін анықтау қиын – жасушаның өлуі (жойылуы); 4жойылған жасушалар мен макрофагтардың гидролиздік ферменттерінің әсерінен өлі субстраттың ыдырауы – аутолиз. Аутолиз бен некроздың, әсіресе макроскопиялық тәсілді және жарық оптикасын қолданғанда анықталатын өзгерістері бір – біріне ұқсағанымен, мәні бірдей ұғымдар емес. Некроздың ерекше нысаны –апоптоз (грешке: apo- бөліну; ptosis - түсу, құлау). Апоптоздың барысында жасуша бөлшектеніп, апоптоздық денешіктер (тіршілік қабілеті бар мембранамен қоршалған бөлшектер) түзеді, кейін ол денешіктерді макрофагтар сіңіреді (фагоцитоз).
Некроздың микроскопиялық бейнесін жасушалар мен жасушааралық заттың өзгерістері қалыптастырады. Жасушаның ядросы да, цитоплазмасы да, өзгереді. Ядроның хроматині ширап (конденсация), өзі бөлшектеніп (кариорексис), еріп (кариолизис), бүріседі (кариопикноз). Пикноз бен рексис және лизис – некроздың даму сатылары әрі нуклеотидтерден фофат топтары мен нуклеин қышқылдарын босататын гидролазалардың, яғни рибонуклеаза мен дезоксирибонклеза әсерінің жандану барысын бейнелейді. Нуклеин қышқылдары кейін деполимерленеді.
Біраз жағдайда коагуляциялы цитоплазма түйіршіктеніп дырайды (плазорексис). Ақырында жасушаның мембраналық құрылымдары қирап, өзі суланып (гидратация), цитоплазмасы гидролиздік жолмен ериді (плазмолиз). Еру үдерісі бірде жасушаны түгел жайласа (цитолиз), енді бірде, оның бір бөлігінде ғана байқалады (колликвациялық фокал некроз, немесе баллондық дистрофия). Фокал некроз кезінде жасушаның сыртқы мембранасы толық қалпына келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет