ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет10/98
Дата25.09.2024
өлшемі2,27 Mb.
#145703
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау: Ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

  1. Идеал газдың ішкі энергиясы дегеніміз не?

  2. Дененің ішкі энергиясының жылу алмасуда және механикалық жұмыс істелген кезде өзгеруі. Термодинамиканың бірінші бастамасы.

  3. Термодинамиканың бірінші бастамасын әр түрлі жылулық процестерге қолдану.

  4. Адиабаттық процесс дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин

4 сабақ


5.1.Тақырыбы: Қайтымды және қайтымсыз процестер. Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығы.Термодинамиканың екінші бастамасы.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы процестердің бағыты термодинамиканың екінші заңын көрсететіндігін түсіндіру.Сұйықтар мен газдардың бір-біріне айналу процесі туралы түсінік беру.
5.3.Оқыту міндеттері:
-Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Булану үдерісі.
2.Қайнау дегеніміз не?
3.Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал.
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Қыздырылған дене өзінің энергиясын айналасындағы суығырақ денелерге бере отырып, біртіндеп суйды. Ал суық денеден ыстыққа жылу берудің кері процесі энергияның сақталу заңына қайшы келмейді, бірақ мұндай процесс ешқашан да байқалған емес.
Тепе – теңдік қалыптан ауытқыған маятниктің тербелісі өшеді. Энергетикалық тұрғыдан, маятникің өзінің және қоршаған ортаның суынуы есебінен маятниктің тербеліс амплитудасы артқандакері процесс болуы мүмкін. Міне осының бәрі қайтымсыздықтың дәлелдемесі болып табылады.
Қайтымсыз процесс - кері процесске күрделірек процестің тек бір буыны ретінде ғана өте алатын процесті айтамыз.
Табиғаттағы құбылыстардың қайтымсыздығына кинофильмді кері бағытта көру тамаша иллюстрация бола алады. Табиғаттағы барлық процесстер қайтымсыз және олардың ішіндегі ең қайғылысы – организмдердің қартаюы және өлуі.
Термодинамиканың екінші заңы мүмкін болатын энергетикалық түрлендірудің бағытын көрсетеді және сол арқылы табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын білдіреді.
Неміс ғалымы Р. Клаузиус бұл заңды былай тұжырымдаған: екі жүйеде немесе қоршаған денелерде бір мезгілде басқадай өзгерістер болмаған жағдайда, суығырақ жүйеден ыстығырақ жүйеге жылу беру мүмкін емес.
Жылу двигательдерін жылу электр станцияларында пайдаланудың зор маңызы бар. Онда олар электр тогы генераторларларының роторларын қозғалысқа келтіреді. Біздің елімізде барлық электр станциясының 80 -тен астамын жылу электр станциялары береді.
Негізгі жылу двигательдері – бұлар бу турбиналары, іштен жану двигательдері және реактивті двигательдер. Барлық жылу двигательдері жұмыс кезінде үлкен жылу мөлшерін бөліп шығарады және атмосфераға, өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға зиянды заттар және басқалары үздікіз шығарылып жатады.
Бұл проблемалардың бәрі қоршаған ортада маңызды проблемалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет