ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы


Табиғаттың барлық процесстері кез-келген инерциялы санақ жүйесінде бірдей өтеді



бет42/98
Дата25.09.2024
өлшемі2,27 Mb.
#145703
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Табиғаттың барлық процесстері кез-келген инерциялы санақ жүйесінде бірдей өтеді.
Бұл-физика заңдары барлық инерциялы жүйелерде бірдей жазылады деген сөз. Сонымен классикалық механикалық салыстырмалық принципі табиғаттағы барлық процесстерді, соның ішінде электромагниттік процесстерді де қамтиды.
Бірақ салыстырмалық теориясы тек салыстырмалық принципіне ғана негізделмейді.
Тағы екінші постулатта бар:
Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы барлық инерциялы санақ жүйеі үшін бірдей. Ол жарық көзінің жылдамдығына да, жарық сигналын қабылдағыштың жылдамдығына да тәуелді емес.
Инерциялы санақ жүйесі дегеніміз-осы жүйеге қатысты еркін (яғни ешнәрсемен өзара әрекеттеспейтін) дене тұрақты жылдамдықпен қозғалатын жүйе.
Оқиғалардың бір мезгілділігі-салыстырмалы. Мұны көрнекті түрде көрсету, сезіну мүмкіндігі бізде жоқ, өйткені жарықтың жылдамдығы біздердің қозғалыс жылдамдығымыздан әлдеқайда үлкен.
Салыстырмалық теориясының постулаттарынан кеңістік пен уақыттың қасиеттеріне қатысты бірқатар маңызды салдарлар туындайды.
Ара қашықтықтардың салыстырмалығы. Уақыт аралықтарының салыстырмалығы. Релятивистік деп қозғалыс жылдамдылығы жарық жылдамдығына жақын болболған кезде байқалатын эффектінің айтады.
Кеңістік пен уақыт туралы жаңа релятивистік ұғымдарға жылдамдықтарды қосудың жаңа заңы сәйкес келді.
Дененің К1 мен салыстырғандағы жылдамдығын v1, ал сол дененің К-мен салыстырғандағы жылдамдығы v2, деп белгілейік. Сонда жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы бойынша:
= ; (1)
Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңының тамаша қасиеті сол, кез-келген v1 және v (әрине с-дан артық емес) жылдамдықтар үшін қорытқы v2 жылдамдық с-ден артық болмайды.
Енді ядролық физика мен элементар бөлшектер физикасында үлкен роль атқаратын салыстырмалылық теориясының аса маңызды салдарын қарастырайық. Сөз энергия мен массаның арасындағы универсал байланыс туралы болмақ. Эйнштейн салыстырмалылық теориясын пайдаланып, өзінің қарапайымдылығы мен жалпылығы жағынан тамаша энергия мен масса арасындағы байланыс формуласын тағайындады:
E= mc2 = ; (2)
Дененің немесе денелер жүйесінің энергиясы жарық жылдамдығының квадратына көбейтілген массаға тең.
Егер жүйенің энергиясы өзгерсе, онда оның массасы да өзгереді:
; (3)
Сутегі бомбасы жарылған кезде орасан көп энергия, 1017 Дж ге жуық энергия бөлініп шығады. Бұл энергия бүкіл жер шарындағы бірнеше күнде өндірілетін электр энергиясынан артып кетеді. Бөлініп шығатын энергия сәуле шығарумен бірге ілесіп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет