Психология пәнінен
Барлық білім бағдарламалары үшін
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Түркістан
Алғы сөз
Жаңа туған нәресте “адам” деп аталғанымен, “тұлға” деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің “менін” басқа “мендерден”, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандайда болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алған адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары “кісілік” ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру , үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Курс құрамына - тұлғаның құрылымындағы биологиялық әлеуметтік жақтар; индивид; жеке тұлға санасының тасмалдаушысы ретінде; тұлға ұғымының қазіргі психологияда көп мағынада қолданылуы; тұлға құрылымы;тұлғаның бағыттылығы; тұлғаның тәжірибесі; психикалық процестердің ерекшеліктері; биопсихикалық қасиеттер; деген мәселелері жатады.
Студент пәнді меңгеру қорытындысы бойынша білуі тиіс:
студенттердің жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының психологиялық- педагогикалық мәселелері жөніндегі түсінігін;
оны теориялық және қолданбалы білімділік-тәрбиелік мәселелерді шешу үшін қолдана білу дағдысын жетілдіру біліктілігін қалыптастыру;
тұлға дамуының зерттеу тарихын;
тұлға феноменінің көпқырлығы мен күрделілігін, мәнін, оның міндеттерінің әр- түрлі сипаттарының зерттеу тарихын;
тұлға дамуының қазіргі заманғы концепциялары мен теорияларын;
тұлғаның қалыптасуының психологиялық шарттары мен заңдылықтарын.
Достарыңызбен бөлісу: |