Оқу бағдарламасын құрастырушылар


Өзін-өзі тану мен басқа оқу пәндерінің интеграциясы



бет8/11
Дата13.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#92871
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
О у ба дарламасын растырушылар

3.2 Өзін-өзі тану мен басқа оқу пәндерінің интеграциясы
Білім берудің аспектілері. Бұртұтас және жанды білім. Өзін-өзі тану мен басқа оқу пәндерін интеграциялаудың жолдары. Сыртқы интеграцияны өткізуде өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің сипаттамасы. Гуманитарлық оқу пәндері мен өзін-өзі танудың ішкі интеграциясының мысалдары. Жаратылыстану оқу пәндері менөзін-өзі танудың ішкі интеграциясының мысалдары.
3.3 Оқудан тыс іс-әрекеттің түрлері
Оқудан тыс іс-әрекеттің түрлері: спорт және драмалық үйірмелер, қызығушылықтар бойынша клубы, спорт күндері, талқылау алаңдары. Оқудан тыс іс-әрекеттегі мұғалімнің шабыттандырушы үлгісі. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқудан тыс жұмыстың жобасы. Қайырымдылық акцияны өткізудің ережелері.
3.4 Ата-аналармен байланыс- «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Отбасындағы балаларға деген қарым-қатынас түрлері. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың алуан түрлері. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Ынтымақтастықтағы тәрбие. Жақсы отбасының қасиеттері.
Қыз бала тәрбиесі. Рухани мәдениеттің тірегі – әйелдер. Қыз баланың дамытуы қажет қасиеттері. Ер бала тәрбиесі. Ер бала парыз, абырой, парасаттылықтың белгісі ретінде. Ер баланың дамытуы қажет қасиеттері. Отбасындағы төзімділік, түсіністік, бірлік.
3.5 Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелеудегі тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстандықтарды тәрбиелеудегі басымдықтар: жалпыадамзаттық құндылықтарды ашу, адамның адамгершілік өмір салты мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуы, патриоттықты, еңбекқорлықты, адамның еркіндігі мен құқықтарын құрметтеуін тәрбиелеу. Әлемдегі озық тәжірибелермен үйлесімдегі менталдық қабілеттер мен мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, ұлттық мақсаттарды ескере отырып, еліміздің тәрбие жүйесінің мақсаты мен мазмұнын құру маңыздылығы. «Мәңгілік ел», «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» және т.б. мемлекеттің құқықтық актілерін зерделеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет