Оқу-әдістемелік және тәрбие


ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ



бет20/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ
Ферменттердің әсерінің субстраттарға фермент-субстратты жинақ (Е8) түзілу арқылы тигізілетінін, Михаэлис және Ментен еңбектерінде анықтанылған.

Жәй ферменттің әсерінен түзілетін белсенді аралық фермент-субстраттық жинақтың үлгісі 4 суретінде көрсетілген.



Активтік ортасының құрамында коферменті бар ферменттің әсерінен түзілетін белсенді аралық фермент-субстраттық жинақтың үлгісі 5 суретінде көрсетілген.




ФЕРМЕНТТІК РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ КИНЕТИКАСЫ
Тіршілік етудің негізгі құбылысына тірі организмдердің термодинамикалық тепе-тендіктің түзілуіне кедергі жасап, химиялық реакцияларды кинетикалық жолмен реттеуі жатады. Реакцияға түсуші заттардың (ферменттердің, субстраттардың) химиялық табиғатының және олардың әсерлесу жағдайының, концентрацияларының, рН орта-сының, температураның және активаторлардың немесе ингибиторлардың қатысуының ферменттік реакциялар-дың жылдамдығына тигізетін әсерінің заңдылығын зерттеумен ферменттік реакциялардың кинетикасы айналысады.




Ферменттік реакциялардың жылдамдығының ферменттің мөлшеріне (а), температураға (б), рН-ортаға (в) және уақытқа тәуелділігі график түрінде келтірілген (Сурет 9).



ФЕРМЕНТТЕРДІҢ АКТИВТІЛІГІН РЕТТЕУ
Тірі организмдер өзінде жүретін процесстерді сыртқы ортаның жағдайына сәйкес реттей алады, бұл процесс биореттелу деп аталынады. Биореттелу ферменттердің активтілігін өзгерту арқылы жүреді.
Ферменттердің активтілігін реттеудің негізгі жолдары төмендегідей:
1) Проферменттердің активтендірілуі.
2) Ферменттердің активтілігінің коваленттік модификация
арқылы реттелінуі.
3) Ферменттердің активтілігін тежеу арқылы реттеу.
4) Ферменттердің активтілігін аллостерлік реттеу.


КӨПТІК ФЕРМЕНТТЕРДІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Бір организмде кездесетін және бір реакцияны катализдейтін ферменттерді көптік ферменттер деп атайды. Көптік ферменттер екі топқа бөлінеді; генетикалық (изоферменттер) және генетикалық емес.
Генетикалық емес көптік ферменттердің бірінен бірінің бірінші реттік құрылысы бойынша айырмашылығы жоқ. Олар ферменттен модификациялану жолымен пайда болады. Мысалы, димер фосфорилаза «в»-ның екі молекуласының фосфорлану арқылы тетрамер фосфорилаза «а» түзіледі. Фосфорилаза «а»-ның әсерінен гликоген фосфорилизге ұшырап, глюкоза-1-фосфат түзіледі.
Бір реакцияны катализдейтін ферменттің бірінші реттік құрылысының айырмашылығына байланысты пайда болатын генетикалық көптік ферменттерді изоферменттер деп атайды. Мысалы лактатдегидрогеназа (ЛДГ) Н жөне М түрлі төрт протемерлерден тұрады. Н-протомерінің теріс заряды, М-протомерге қарағанда жоғары. Осы протомерлерден тетрамерлік бес изоферменттер түзіледі; ЛДГ1(Н4), ЛДГ2(Н3М), ЛДГ3(Н2М2), ЛДГ4(НМ3), ЛДГ5(М4). ЛДГ-лардың молекулалақ салмақтары, электрофоретикалық жылжуы өзгеше және оларға активаторлардың, ингибиторлардың, субстраттың концентрациясының әсері әртүрлі болады.
4 дәріс
Тақырыбы: Лактатдегидрогеназаның, креатинкиназаның, сілтілік фосфотазаның белсенділігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет