Оқу әдістемелік кешен


Эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур



бет23/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

3.Эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болды. Физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі – адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника – ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика – табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика - өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым..
Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды.
Марк Туллий Цицерон – біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Апинумде дүниеге келіп, б.д.д.43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады.
Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қоймай, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты – жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс.
Луций Анней Сенека – б.д.д. 5 жыл шамасында Испанияда, кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65 жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл бөлді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір кемесінің басшысы болу, таза асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді.
Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады. Эпиктет – 50 жылдар шамасында Гиерапольде дүниеге келіп, 138 жылы Никопольде дүниеден өткен. Эпиктет философияның мақсаты – адамның бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу деп түсінеді. Ол адамдарға қажет адамгершіліктік ережелері ретінде мынадай қағидаларды ұсынады: Құдайға және оның адамдарға қамқорлығына, дүниенің және заттардың жүйелі, ақылдың көмегімен дамитындығына, адам рухының Құдайға ұқсастығына сенім. Кейбір зерттеушілер оны философтан гөрі Құдайға қызмет етуші, оның идеяларын таратушы, адамгершілік қасиеттерді насихаттаушы деп қарастырады.
Қорыта айтсақ, көне грек философиясы мазмұны бай, зерттеген мәселелер ауқымы өте кең, санқырлы, философияның натурфилософия, философиялық антропология, онтология, гносеология, этика, эстетика, логика және тағы басқа салаларын кеңінен қамтыған, философияның классикалық үлгісі деп атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет