Оқу әдістемелік кешен



бет21/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Софистер. Біздің дәуірімізге дейін V ғасырда Ежелгі Грецияда құлиеленушілік демократия логика, риторика, философияның жедел қарқынмен дамуына жол ашты. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты, мүмкін болса, өз қарсыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (шешендік өнер) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Оларды софистер деп атады. Олардың басты қағидасы - әркімнің өз ақиқаты бар. Жақсылық пен жамандықтың объективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса – сол жақсылық, игілік.
2. Ежелгі Грекияның классикалық философиясы кезеңі.
Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл-философ Сократтың (б.д.д. 469-399 жж.) есімімен тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алады. Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тағы да алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады, сөйтіп, қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл-кекесінмен қарсыласын менменшіл, өзім білем сияқты пікірінен толығымен арылтады да, енді онымен бірге өзі де көтерілген мәселені айқындай түсуге, реті келсе, оған түсініктеме беруге тырысады. Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол майевтика (дүниеге келетін сәбиді қабылдау өнері деген мағынада) деп атайды. Майевтиканың мақсаты, қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ұсынады, ол – «Өзіңді өзің танып-біл!». Өзіңді өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру.
Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гиназияның атымен аталып кеткен, аудармасы – «көгерген ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз – ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана (математик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.
Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылдықты ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі адам өзінің негізгі мақсаты – бақытқа тек рақымшылдық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін, ол туралы көп сөздің немесе білімнің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз, шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы - өздерін күнделікті қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәніндегі, ең жоғары бақыт – бақыттымын деп өлу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет