Оқу әдістемелік кешен


Орта ғасырдағы араб-мұсылмандық философия



бет25/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
УМК Философия Ертелеева Р.Б.

7.5. Орта ғасырдағы араб-мұсылмандық философия


1. Араб-мұсылмандық философияның ерекшеліктері және ондағы негізгі бағыттар.
2. Араб халифаты тұсындағы исламдық философия.
3. Орта Азия халықтарындағы араб-мұсылмандық философия.
4. Испаниядағы мұсылмандық философия.

Ортағасырлық Шығыста, VIII – IX ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде, араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы жалпы VII ғасырда Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғасырдың екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды.


Араб мәдениеті Араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан, араб тілінің негізінде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі жалғасын тапты.
Осыған орай, Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ Галеннің, Эвклид, Архимед және Птоломейдің шығармаларыараб тіліне аударылып басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды.Ал X ғасырда екінші орталық Пиреней Түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, XVI ғасырда мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінің негізі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі - әл-Кинди, әл-Фараби және Ибн Синаның атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі – Ибн Туфейль және Ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты испан аристотелизмі.
Мұсылмандық Шығыс перипатетизмінің алғашқы бастаушы өкілдерінің бірі – аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғұлама философ әл-Кинди (шамамен 800-870 жж.) «Араб философы» деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды. Ол – жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдарымен шығылданған ойшыл. Философиялық шығармалары логика мен таным теориясына байланысты жазылған. Әл-Киндидің философия мен жаратылыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айтқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Әл-Киндидің пайымдауынша, танымның бірінші сатысына логика мен математика, екінші сатысына жаратылыстану ғылымдары, үшінші сатысына философияны жатқызады. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре біліп, дұрыс айтқан.
Шығыс перипатизмінің тарихында ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепция үлкен рөл атқарды. Оларды мәңгі әрекетшіл «белсенді ақыл-ой», «бейжай, енжар ақыл-ой», «жол-жөнекей қосылған ақыл-ой» деп сұрыптайды. Ал Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет