Оқу әдістемелік кешен


Готфрид Вильгельм Лейбниц



бет32/42
Дата09.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#66417
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.). Немістің көрнекті физигі, математигі, тарихшысы және философы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер», «Монодология», т.б.
Лейбництің ілімі бойынша, Құдай өзінің ішкі даму заңдылығына сәйкес түпнегіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық мәнділіктердің, соның ішінде материяның да, түпнегізі – ұсақ денелі, шамалы болса да, саналы монадалар. Олар табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың негізгі қасиеттері: 1) барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол қарапайым және бөлінбейді; 2) олардың өз алдына бөлек және әрекетшіл мүмкіндігі бар.
Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық немесе геометриялық тұрғыдан қарастыратындай денелер қатарына жатпайды, олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда, әрекетшіл күштің түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды, өшпейді, бірақ басқа күштің (Құдайдың) әсерімен пайда болуы да, өшуі де мүмкін. Алғашқы монада – Құдай, ал қалғандары – оның сәулелері. Біздің денелер, заттар, құбылыстар деп жүргендеріміз – шындығында монадалар жиынтығы, ал кеңістік пен уақыт – монадалар күшінің көрінісі.
Монадалар күшінің әрекеттілігі оның «еске алу» қабілетінде жинақталған. Монадалардың әртүрлілігі олардың «еске алу» қабілеттерінің әртүрлілігіне байланысты. Монадалар өздерінің «еске алу» қабілеттерінің даму сатыларына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: 1) «еске алу» қабілеті бейсаналық күйіндегі қарапайым, ұйқыда жатқан монадалар, оларға минералдар мен өсімдіктер жатады; 2) «еске алу» қабілеті түйсіктер мен ес күйіне айналған, жанданған монадалар, оларға жануарлар жатады; 3) «еске алу» қабілеттері айқын да анық рухқа, жанға айналған монадалар, олар – адамның жандары; 4) шын мәнінде саналы, объективті «еске алу» қабілеті бар монада – Құдай.


7.8. Немістің классикалық философиясы



  1. И.Кант пен Г.Ф.Гегельдің философиялық ілімдері.

  2. И.Фихте мен Ф.Шеллингтің идеализмі.

  3. Л.Фейербахтың материалистік дүниетанымы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет