Дәріс 7.
Ашық білім беру ресурстары деген не?
Ашық білім беру ресурстары (OERU) терминінің ертеректегі баламасы (1998) «ашық контент» еді (Wiley, 2006). Бұл фраза оқыту үшін қолданылатын ресурстардың шығу тегі мен ниетіне байланысты білім беру болуы міндетті емес екенін мойындайды, мысалы, фотографиялармен алмасу – Flickr (http://www.flickr.com/) сайтында орналастырылған мерекелік фотографияны білім беру мақсатында қолданыла алады.
Дэвид Уайли Хилтон және басқалар өз зерттеулерінде (2010) оларды 4R іс-әрекеті деп сипаттады:
• Reuse. Қайталап қолдану – контентті өзгертілмейтін сөзбе-сөз күйінде қайталап қолдану құқы (мысалы, контенттің резервтік көшірмесін жасау).• Revise. Қайта қарастыру – контентті бейімдеу, түзету, жетілдіру немесе өзгерту құқы (мысалы, мазмұнды өзге тілге аудару).
• Remix. Ремикс – түпнұсқаны немесе өзгертілген контентті жаңа нәрсе жасап шығару үшін басқа контентпен біріктіру құқы (мысалы, контентті басқалармен бір кешенге біріктіру).
• Redistribute. Тарату – түпнұсқа контент көшірмелерімен, қайта жасаулармен немесе ремикстермен бөлісу құқы (мысалы, контент көшірмесін досына беру).
Алайда «мазмұн» сөзі салыстырмалы түрде элементтердің тар және статикалық диапазонын көрсетіп, «ресурс» терминіне басымдық береді. Ал Ашық білім беру ресурстары (OER) формасымен, затбелгісімен немесе шығу тегімен емес, пайдалануға ашықтығымен, қолжетімділігімен ерекшеленеді. Ашық лицензия әдетте интеллектуалдық меншік құқыларына (IPR) қосымша мүмкіндіктерін сәйкестендіре отырып, ресурсты жаңа тұтынушылардың жаңаша пайдалануына ыңғайлылығын білдіреді, мысалы: авторлық құқық.
Аударманың артықшылықтары
Білім беру ресурстарын өзге тілдерге аудару – жаңа пайда болған қызмет түрі емес,әдетте өз құнының жоғары тұратынының арқасында белгілі бір мүмкіндіктерге сәйкес, «сұраныс талаптарына бағытталған іс-әрекет». OERU сапасындағы жарияланым ұсынушыларға емес, тұтынушыларға аударма туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, Массачусетс Техникалық институтының (МТИ) 1000-нан астам ашық курсы испан, португал, қытай, француз, неміс, вьетнам және украин сынды өзге тілдерге аударылды.
Mash-up араластыру ресурстары: көшіру, араластыру, жазу
Лесли (2010) Ашық білім беру саласы қызметкерінің DJ ретіндегі жұмысының төрт негізгі кезеңін бөліп көрсетеді: Лесли (2010) Ашық білім беру саласы қызметкерінің DJ ретіндегі жұмысының төрт негізгі кезеңін бөліп көрсетеді:
• 1-қадам. Іздеу (ақпаратты сақтау орнын аралап өту).
• 2а-қадам. Мысал (ресурстардың қажетті бөліктерін алу).
• 2b-қадам. Өзіндік жеке тректі/жолды тауып алу (өз дұрыс ырғағыңызды таба алмаған кезде).
•3-қадам. Бірізділік (кескіндерді ретке келтіру).
• 4-қадам. Жазу (Ашық білім беру ресурстарының көмегімен шынайы уақыт тәртібінде оқылатын жиынтықты ұсыну).
OOCs (Ашық онлайн курстар) және MOOCs (Жалпыға бірдей ашық онлайн курстар)
MOOCs (Жалпыға бірдей ашық онлайн курстар) – 2007 жылы пайда болған, тек қана материалдық қамтамасыз етуге, оқу құралдары мен нысандарына қожетімділікті ғана емес, сонымен бірге құрылымданған немесе сәйкестендірілген ашық оқыту мен оқытушылық қызметтегі сабақ беру әдістеріндегі салыстырмалы түрдегі жаңа тұғыр. MOOCs-тың кейбір форматтары жарияланған сабақ кестелері, кезеңді викториналары, Дәрістері (онлайн вебинарлар) және онлайнфорумдары бар қарапайым жабық онлайн курстарға өте ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ MOOCs (Жалпыға бірдей ашық онлайн курстар) шектеусіз тыңдаушылар санына арналғандықтан, қолданылатын ресурстар ашық, ал дизайн-курстар икемді болуы шарт. OER-ді (Ашық білім беру ресурстарын) тек қолданып қана қоймай, оларды «курс» қорындағы тұтынушылар санының артуына әкелетін білім алушылар мен оқытушылардың өздері жасап, интеграциялауы күтіліп отыр. Олар қатысушыларға да, басқаларға да әрі қарай қолдану үшін қолжетімді болуда. Сименс атап көрсеткендей (Rheingold, 2011), оқу орнында үлкен кеңістіктер жоқ, сондықтан курс біткен кезде қалыптасып қалған байланыстарды тоқтатып тастай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |