Дәріс№-6. Көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелуі
Түркітануда көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелуі, жүйеленуі, олардің тілінің фоно-морфо-семантикалық тұрғыдан зерттелуі өзекті мәселе.
Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер негізінен ХІ-ХVІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Оларды жазу үлгісіне қарай бес топқа бөлінеді:
Готикалық көне шрифтімен жазылған ескерткіштер (ХІІІ – ХІV
ғасырлар).
Араб әрпімен жазылған мұралар (ХІ - ХІV ғасырлар).
Армян жазуымен берілген мұралар ( ХV – ХVІ ғасырлар).
Орыс әліпбиімен жазылып қалған деректер (ХІ—ХІІІ).
Шығыс Европа аймағын мекендейтін кейбір халықтардың тілінде
сақталып қалған және сол елдердің өзіндік жазу үлгілерімен берілген сөздер (адам аттары мен жер-су аттары т.б.).
Сонымен қатар ескерткіштер белгілі бір саяси - әкімшілік орталықтарда туып, солардың талап-тілектеріне сай жазылып отырғандықтан, қазақ ғалымдары (Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М.) шартты түрде мынадай топтарға бөліп қарастырады: куман қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, половец қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Орта Азия қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Мамлюк қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер, Армян колониясының тілінде жазылған ескерткіштер. ХІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған көне қыпшақ тілді ескерткіштерді тақырыбына, мазмұнына қарай іс-қағаздар, жылнамалар, грамматикалық анықтағыштар, сөздіктер, көрем шығармалар (дастан, поэма, проза) саралауға болады. Сондықтан олар тіліне, құрылысына қарай сөйлеу тілі негізінде және әдеби тіл негізінде жазылған жәдігерліктер болып екіге бөлінеді.
Біз осы айтылғандарды ескере отырып, ескерткіштерді ХХ ғасырда жеке –жеке болса да зерттеп, құнды пікірлер айтқан ғалымдардың тұжырымдарын басшылыққа алып, мынадай екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |