ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет28/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
у ≈ о дыбыстарының ауысуы сирек те болса ұшырасады: Көне түркі тіліндегі «қарапайым халық» мағынасындағы буд(ин) сөзі қазіргі қазақ тілінде «бағынышты халық» мағынасындағы бодан сөзімен сәйкес келеді. Көне түркiлiк буд//бод түбірлері құрамынан у ≈ о сәйкестiгi орын алған. Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi у ≈ о сәйкестiгiнiң бiр сөздiң тұлғалық варианттарында қолданылуы әрбiр тiлдiң тарихи қалыптасу кезеңiндегi өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты. Бұл сәйкестік қыпшақ-ноғай топшасына тән.

Көне түркі тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасындағы ү ≈ ө сәйкестiгi де бар: үлес - өлаш, өлөч. Ө тұлғалы түбірлер негiзiнен татар, башқұрт, iшiнара ноғай тiлдерiне тән. Қыпшақ-ноғай топшасындағы қазақ, қарақалпақ тiлдерiнде көне түркiлiк ү тұлғалы сөздер толық сақталған. Түркi тiлдерiндегi ү, ө дыбыстарының даму жолы тығыз байланысты.

Көне түркі тіліндегі о дауыстысы қазіргі қыпшақ тілдерінде негізінен тұрақтылығын сақтаған: он, йол, оз.

Ескерткіштер тіліндегі ө дыбысы қыпшақ тілдерін салыстыра қарағанда бірнеше сәйкестік түзеді. Олар:

ө≈ ү сәйкестiгi: ескерткiштер тiлiнде өг «шеше»: ~ башқ. тілінде үг(әй)) «өгей, туған емес». Қазақ тілінде өгей ұл, өгей қыз, өгей әке т.б.

ө ≈ у сәйкестiгi: ө/өг ≈ уй «ой» ~ тат. тілінде уй «мысль, дума» (ТРС, 584), башқ. уй «мысль, размышление».

ө ≈ o сәйкестiгi: өг ≈ ой «ой» қаз., ноғ., құм. ой. Қазақ тiлiнде ө тұлғасы да қолданыста: өк → өкiнiш.

ө ≈ е/э сәйкестiгi: өл ≈ эл «өл»~ қарайым тiлi диалектiсiнде эл «умирать» ( Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика. –Москва, 1984.).

Көне түркi тiлiндегi о, ө,ү дыбыстары қазақ тiлiнде көп өзгерiске түспегенiн байқаймыз.

Ескерткiштер тiлiндегi ө дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi фонологиялық өзгерiстерi негiзiнен бұлғар-қыпшақ топшасындағы тiлдерден орын алған.

Ескерткiштер тiлiндегi дауысты дыбыстардың қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi сақталу деңгейi негiзiнен ү, i, ө фонемаларының қолданысы арқылы ажыратылады. Қыпшақ-ноғай, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец топшасындағы тiлдерде дауыстылардың сақталу деңгейi әр түрлi, қыпшақ-ноғай топшасындағы қазақ, қарақалпақ, ноғай тiлдерi көне түркiлiк дауыстыларды (ү, i, ө дыбыстары толық сақталған) бiршама толық сақтаса; бұлғар-қыпшақ топшасындағы башқұрт, татар тiлдерiнде бiршама өзгерiстерге түскен (ү ~ ө, ө ~ ү сәйкестiктерi негiзiнде); ал қыпшақ-половец топшасындағы құмық, қарайым, қарашай-балқар тiлдерiнде ү, i, ө дыбыстарының қолданысында жүйелiлiк жоқ, дыбыстардың сақталуы да, өзгерiске ұшырауы да кездеседi.

Көне түркі жазба ескерткiштерi тiлi мен қазіргі қыпшақ тілдерінің тығыз тарихи сабақтас екенін дыбыс сәйкестіктерінен байқаймыз. Қазiргi қыпшақ тiлдерінің ізі ежелгі мұралар тілінен айқын көрініс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет